фото: https://pixabay.com/ru/
Биыл техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мемлекеттік грант көлемі тағы 60 мыңға ұлғаяды. Олар еңбек нарығында ең көп сұранысқа ие мамандықтарға бағытталып отыр. Сонымен қатар колледж студенттерінің шәкіртақысы өседі.
Елде 500 мыңнан астам адам колледждерде білім алып жатыр. Соның 345 мыңға жуығы грантта оқиды. Мамандардың айтуынша, кәсіпорындар тарапынан да бірлесе кадр даярлау туралы өтінім күрт артқан. Олар студенттерді тағылымдамадан өткізуге және кейін жұмысқа қабылдауға міндеттеме алады.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметіне сәйкес, биыл колледждерге мемлекеттік тапсырыс көлемі 60 мың орынға артады. Сонда жаңа оқу жылында 145 мың талапкер тегін оқуға мүмкіндік алмақ. Сарапшы елдегі еңбек нарығында нақты қандай техникалық мамандықтарға сұраныс көбейгенін айтты.
Былтыр колледж студенттерінің шәкіртақысы 50 пайызға ұлғайып, 32 мың теңге болды. Ал жаңа оқу жылында төлем тағы 50 пайызға артады, дейді министрлік өкілдері.
https://24.kz/kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через