фото: pixabay.com
Ақтау көшелерінде егеуқұйрық қаптады. Әсіресе қоқыс жәшіктерінің айналасында жүретін кеміргіштер адамнан да қорықпайтын болған. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы ktk.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Тұрғындар тышқандардың тым көбейіп кеткенін айтып шағымдануда. Тіпті видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерге салып жатыр. Егеуқұйрықтардың қоқыс жәшіктерінің айналасын індеп алғанын шенеуніктер де жоққа шығармайды. Сондықтан қалада жаппай улау жұмысы басталған.
Мамандар теңіз жағалауынан бастап, барлық шағын аудандарды бір айда дезинфекциялап шықпақшы.
Айдар Бисенов, Ақтау ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі: — «Самал» қонақ үйінен 15 шағынаудандағы «Каспий ривьера» қонақ үйіне дейін жүргізіледі. Бұл жұмыстар арнайы препараттарын салу арқылы жүргізіліп жатыр және дератизация 16,17,18,19,20 шағынауданда жүргізіледі.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через