41 жасар алматылық әйел аттракционнан секірді

41 жасар алматылық әйел аттракционнан секірді
фото: pixabay.com

Саябақтағы суицид. 

Алматыда орталық саябақтағы аттракционнан 41 жастағы әйел секіріп қаза тапты. 

Биіктен құлаған әйелдің денесінің сау-тамтығы қалмаған. Жантүршігерлік жағдай түстен кейін, сағат төрт шамасында болған, деп хабарлады ktk.kz. 

Алматы денсаулық сақтау басқармасы әйел жедел жәрдем жеткенше жан тапсырғанын айтты. Полиция марқұмның өліміне қатысты өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.