фото: https://www.pexels.com/ru
2024 жылдың басында Қазақстанда 1,72 миллион жеке кәсіпкер тіркелген. Сіз де осы санатқа кіріп, бастықсыз, шектеусіз өз армандарыңыз бен мақсаттарыңызды орындауға жетелейтін жеке кәсіп бастауды ойлап көрдіңіз бе? Алайда неден бастау керек екенін, қандай қиындықтар мен мүмкіндіктер барын білмейсіз бе? Ендеше бүгін Stan.kz жеке кәсіпкер ретіндегі алғашқы қадамдар, жеке кәсіпкерлікті тіркелудегі көпшілік жіберетін қателер мен оларды айналып өту жолдары туралы айтамыз.
Жеке кәсіпті тіркеу жолдары
Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу үшін салық органына жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама жіберсеңіз болғаны. Хабарламаны бірнеше жолмен жіберуге болады:
- Екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшасы немесе сайты арқылы.
Мәселен, ЦентрКредит Банкте бірнеше қадамнан кейін-ақ жеке кәсіпкер бола аласыз. Алдымен тіркелесіз: телефон нөмір, электронды поштамен мен ЖСН енгізесіз. Кәсіпкер ретінде тіркелгеннен кейін банктен бірден шот ашуға болады. Яғни ол үшін артық әрекет жасаудың қажеті жоқ. Осыдан кейін өзіңіздің аймақтағы сіздің салаға жауап беретін салық органын таңдайсыз.
Мысалы, Павлодар облысы Ақтоғай ауданынан кәсіп ашып отырсаңыз, осы ауданның Мемлекеттік кірістер комитетін таңдауыңыз керек. Осыдан кейін компания туралы мәліметтерді толтырасыз. Салық төлеу режимін таңдайсыз. Қол қоясыз. Банк сіздің сұрауыңызды өңдеп, сіз тапсыруға тиіс құжаттарды өзі жинайды. Құжаттар жиналып, тексеру аяқталғаннан кейін бірнеше минут ішінде Жеке кәсіпкердің тіркелгені туралы құжатыңыз дайын болады.
Айта кетейік, банк сізді жеке кәсіпкер ретінде тіркегені үшін ешқандай комиссия алмайды. 1 жұмыс күні ішінде сізге салық органынан жауап келеді де, сіз бастапқыда айтқан 1,72 миллион кәсіпкердің біріне айналасыз.
- Екінші жолы, Электронды түрде, яғни Қазақстан Республикасының e-license электрондық лицензиялау порталы немесе E-Salyq business мобильді қосымшасы арқылы;
- Үшінші жолы, оффлайн халыққа қызмет көрсету орталықтарында немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына барып, қызметкердің көмегіне жүгіну.
Finprom.kz ақпаратына сүйенсек, Қазақстанда соңғы бес жыл ішінде жеке кәсіп ашатын адамдардың саны күрт өскен. Яғни жеке кәсіп ретінде тіркелгендер саны – 42,7% өсіп, оның ішінде белсенді түрде кәсіппен айналысып жүргендер саны – 62,7% болған. Жеке кәсіпкерлердің саны артқан сайын оларға қойылатын талап та күшейіп келеді. Биылдан бастап кәсіпкерлер өз кірістері туралы декларация тапсыруы керек. Сонымен жеке кәсіпкер ретінде тіркеле отырып, қандай құқықтар мен міндеттерді білу керек. Енді кәсіп ашқан кезде көбіне қандай қателіктер кететіні туралы сөз қозғаймыз.
Stan.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через