«Толағай» алыптар сайысы өтеді

«Толағай» алыптар сайысы өтеді
фото: pixabay.com

2 маусым елордадағы «Астана Триатлон» саябағында «Толағай» алыптар сайысы өтеді. Ұлы даланың батырларын насихаттап, қазақтың этно-ойындарын дәріптеу мақсатында өткізілетін турнирге елорданың кез келген спортшысы қатыса алады, деп жазды 24.kz. 

Білекті батырлар сайыстың 5 түрі бойынша, яғни 1,5 м ұзындықтағы темірді мойынға салып майыстыру, салмағы 100 келілік тасты межелі қашықтыққа дейін апару, 130 келі ауыр бөренені желкеге салып отырып-тұру, 200 келілік жүк артылған арбаны сүйреу, 10 келілік найзаны қашықтыққа лақтыру сияқты ерекше сайыс түрлері бойынша сынға түседі. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл сайыс күзге салым өтетін  Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Астана қаласы бойынша іріктеу кезеңі болып саналады. Яғни, бессайыстың қорытындысы бойынша анықталған үздіктер алдағы республикалық турнирде бақ сынайды.