фото: Видеодан алынған кадр\kaz.inform.kz
Қырғызстанның Жалал-Абад облысының Созақ ауданында 2 мамыр күні сағат 13:30 шамасында балмұздақ тиеген шағын жүк көлігі 29 баланы қағып кетті, деп хабарлады Кабар агенттігі.
Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккен балалардың 9 бен 16 жас аралығында екенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта 7 бала облыстық ауруханада жатыр, үшеуінің жағдайы ауыр.
Созақ аудандық ауруханасында 3 бала болса, орталық ауруханада 8 бала жатыр. Олардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланды.
Оқиға орнында 11 балаға медициналық көмек көрсетіліп, амбулаторлық емдеуге жіберілді.
Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алымқадыр Бейшеналиев зардап шеккендерге көмек көрсету мәселесін жеке бақылауына алып, оларға сапалы медициналық көмек көрсетуді, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді тапсырды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через