фото: pixabay.com
Қазақстанның жалпы ішкі өніміндегі құрылыс саласының үлесі 0,8 пайыз. Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінен мәлім етті.
«Елдің ЖІӨ құрылымындағы саланың үлесі 0,8% құрайды (2023 жылғы 9 ай). 2023 жылы құрылыс материалдарын өндіру көлемі 1 249,5 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 10,3 пайызға артық. Құрылыс материалдары нарығының көлемі 2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда 3 671,7 млн АҚШ долларына (1 675,4 млрд теңге) жетті», - делінген Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Осы салада отандық тауар өндірушілердің үлесіне 68 пайызы тиесілі. Импорттық өнімнің үлесі 32% құрады. Отандық өндіріс ішкі нарықты портландцемент, тауарлық бетон, гипс, ерітінділер, гипсокартон сияқты өнімдермен толық қамтамасыз етіп отыр.
«ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қытайдан құрылыс материалдарының импорты 297,8 млн АҚШ долларын құрады. Былтырғы импорттың негізгі тауарларына мынадай өнімдер кірді: еден жабындары, санфаянс, мәрмәр, травертин, керамикалық құрылыс материалдары және басқа да тауарлар бар», - деп аталып өткен министрлік ақпаратында.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через