Қазақстандықтар қайда демалады

Қазақстандықтар қайда демалады
фото: pixabay.com

Жаз келісімен жұртты толғанды­ратын бір мәселе бар: қайда демалған дұрыс?

 Бұл сауалға жауап іздеп, бас қатыратынымыз заңдылық. Бізде табиғаты тамаша жерлер көп. 

Жалпы, қара­пайым халықтың қайда демалғаны дұрыс? 

Туризм агенттігінің мәліметі бой­ын­ша, қазақстандықтар Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарындағы демалыс аймақтары, Сарыағаш, Төле би мен Бура­бай, Алакөл, Көлсай шипажайына ба­сымдық беретін көрінеді. Сонымен қатар Елордасы Астана да халықты қызықтырып отыр.

 Ал сыртқы туризмде әдеттегідей Түркия, Тби­лиси, Ташкент, Дубай, Таи­ланд т.б. елдері сұранысқа ие. Қазақстандықтардың  дені  шетелге барып жатса, біздің елімізге шетелдік туристер қызығуып отыр. Сондықтан Қа­зақстанға ке­луші туристердің саны ар­та түсті. Бұл - Қа­зақ­станның халықаралық ту­ризм­дегі бе­делінің артқанының бел­гісі болса ке­рек.

 Фото  pixabay.com..

Қазақтың көрікті жер­лері аз емес. Мысалы, шетелден келген қо­­нақ­тарды Шарын шатқалы, Алакөл мен Бал­қаш, Бурабай мен сұлу Алатау, Зеренді және Қарқаралы елді мекен, киелі мекен Түр­кістан ерекше қызықтырады.

 Ал өз еліміздің кейбір азаматтары «өзгенің қаң­сығын, таңсық көріп» Түркия, Таи­ланд, Малайзия, Дубай, Ресей, Германия, Поль­шаның қалтасын қампайтып, турис­тік са­ласының дамуына өзіндік «үлесін» қосып жүр. Отандық туристік фирма­лар да жол­дамаларды жан-жақты жарнамалап әлек. 

Фото  pixabay.com..

Халық арасында «ішкі туризм сыртқы туризмнен қымбат» деген түсінік қалыптасқан. Сондай-ақ еліміздегі дема­лыс орындарының қызмет көрсету деңгейі төмен, оның үстіне шетелдегідей барлық жағдай жасалмайды деп айтуға негіз бар. Қарап отырсақ шетелдік курорттармен отандық демалыс орындарының құны бірдей секілді.

 Ел ішіндегі демалыс орын­дарына сұраныс пен шетелдік сұраныстың пайыз­дық көрсеткіші бірдей. Бірақ көп­шілігі «көріп жүрген жеріміз ғой, одан да сол ақшаға шетелді бір көріп келейік» деп ойлайды. Ел көресің, жер көресің деген­-дей және де өзге елдің салт-дәстүрімен та­нысу - демалыстың мәнісі осы емес пе?!

Фото pixabay.com.

Қазақстанның қай өңіріне саяхаттап баруға болады?

 Егер Қазақстанда қайда демалуға болады деп бас қатырсаңыз, бірнеше демалыс орнын мысалға келтіруге болады. Мысалы, Көкшетау ұлттық саябағы. Бұл Қазақстанның ұлттық дәстүрі сақталған жер. Сондай-ақ Жұмбақ тас жартасы, Көк­шетау мен Бурабай тауы, Жеке батыр, Оқжетпес, т.б. Бұл тау алыптарын естіме­ген жан кемде-кем. 

Ал Қорғалжын қоры­на келсек, бұл Қазақстандағы ең құпия демалыс орындарының бірі болып сана­ла­ды. Ол осы уақытқа дейін жұмбақ күйін сақтап отыр. Тіпті жергілікті тұрғындарға да. Қорғалжын ЮНЕСКО бүкіләлемдік табиғи мұрасының тізіміне енгізілген. Сон­дай-ақ Қапал-Арасан - Жоңғар Ала­тау тауларының солтүстік баурайында жат­қан, Талдықорған қаласына 100 шақырым қашықтықтағы Биен өзенінің жағасында орналасқан танымал отандық демалыс орын­дар бар.

 Фото  pixabay.com.

Тағы мақтанып айтатын жеріміз -Баянауыл ұлттық саябағы. Қазақ­станда Іле Алатауының әдемі көлдерге өте бай. Сонымен қатар егер денсаулығыңды түзейтін, тамаша демалысты қаласаңыз, онда Оңтүстік өңіріндегі Сарыағаш шипа­жайында өткізуіңізге болады.

 Айталық, Шығыс Қазақстан облысындағы Ырғызбай тарихи-кешеніне жыл сайын алыс-жа­қыннан келушілер өте көп. Тек қазақ­стан­дықтар ғана емес, өңірге Франция, Гер­мания, Израиль, т.б. алып мемлекеттерден келетін туристердің қатары артқан.

 Со­ны­мен бірге Оңтүстік өңірдегі Төле би ауданы туризм орталығына айналды. Туристер үшін таптырмайтын орын ол Қазығұрт тауы­ның баурайы.

Фото  pixabay.com..

Қазақстанның қай өңірі болса да туризм саласына айтарлықтай үлес қоса алады. Өйткені еліміздің жері шұрайлы, табиғаты сұлу, ауасы таза. Ең бастысы, сырттан кел­ген демалушылардың көбісі жақсы тыны­ғып, елімізге таңырқап кетері анық. 

Дереккөз kaz.inform.kz.