Қазақ ғылымы бизнеске айналып жатыр ма?

Қазақ ғылымы бизнеске айналып жатыр ма?
фото: Standard.kz

       БҰҰ-ның Қазақстандағы Қоғамдық ақпарат департаментінің басшысы,әлемдік ұйымның Қазақстандағы өкілі Властимил Самек

 

       Өз білімін өмірдің, өндірістің тәжірбиелерімен нығайтып, байытып
отыратын, тапқан ілімін үлкенді-кішілі ашқан жаңалығын халықтың қажетіне беріп отыратын ғылым ғана өз дәрежесінде заман талабының өресінде болады.                                                                                                                   Қаныш Сәтбаев

     Шынында да ғылымның дамуы - ғалымның теориялық тұрғыдан зерттелген
неше жылдық маңдай терінің, ғылыми жұмыстарының негізінде өнім
өндіріп, нарыққа шығару, яғни ғалымның еңбегін елдің қажетіне жарату.

     Қазіргі таңда Қазақстанда ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру
мәселесі өте өзекті.

     Соңғы жылдары елімізде ғылымға бөлінетін қаржы біртіндеп артып, ғылыми
ізденістердің жүзеге асып, өндіріске жол тартуы үшін түрлі гранттық
қолдаулар бөліне бастағалы бері отандық ғалымдарымыз да ғылымдағы
табыстың көзі, сол еткен еңбегінің нарыққа шығуы, яғни елдің қолына жетуі
екенін ұғып, ғылымын бизнеске айналдыруға ұмтыла бастады.

     Ал отандық ғалымдарымыздың бұл бағытта жеткен жетістіктері қандай? Қазақ ғылымы бизнеске айналып жатыр ма? Ғылымды комерцияландыруда қандай кедергілер бар?

     Жалын ғылыми өндірістік –техникалық орталығы мен Ғылым қорының
ұйымдастыруымен өткен «Ғылым және бизнес» тақырыбындағы 4-ші
халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға жиналған қауым осы
мәселелерді ортаға салды.

     Біздің мақсатымыз бизнес пен ғылым арасындағы серіктестік тетіктерін дамытудың түрлі мүмкіндіктерін қарастыру, ғалымдардың  өндірістегі мамандардың, және өндірушілердің күш-жігерін біріктіріп, іскерлік қарым- қатынасы арқылы ғылымды дамыту жолдарын табу - дейді «Жалын» ғылыми өндірістік –техникалық орталығы бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Қайрат Жұмахан:

Ғылым және бизнес» тақырыбындағы  конференцияның мақсаты--  ғылым саласындағы зерттеулермен қолға алынған жобарлардың нәтижесі қағаз бетінде қалып қалмау, сонымен бірге экономикаға серпін беретіндей өндірісте көріну.  Сондай-ақ, ғылымды қаржыландыру мен бизнеске икемдеу. Ғылымды бизнеске бағыттау  арқылы оны экономикалық қаржыландырып, ғылымның мемлекетімізге  жұмыс істеуі. Негізінде бір бағытта ғана  ұстанып жатқан жоқпыз. Мысалы біздің  мамандығымыз химия болғанымен ғылымда айналысып жүрген барлық салалардың ортақ міндеті деп ойлаймыз.Өйткені экономиканы көтеру сол ғылымның борышы деп есептейміз. Біздің осы бағытта   «Жалын» ғылыми өндірістік – техникалық орталығының өндіріске қосып жатқан өнімдері бар. Сыртқы жараларға қолданылатын жапсырмалар. Ол адам терісіндегі бактерияларды тазалау арқылы сыртқы жараларға қолданылады. Сондай-ақ адам организмін тазалайтын емдік мақсаттағы биологиялық қоспалар шығарып жатырмыз.  Бұл жекелеген бір ғалымның ғана жетістігі емес,бүкіл ғылыми техникалық зерттеу орталығының жетісігі болып табылады. «Жалын» ғылыми өндірістік – техникалық орталығында жұмыс жасап жүрген ғалымдар профессорлар, PhD докторанттар, магистранттар, бакалаврлардың да жетістіктерін сәулелендіру негізінде жүргізіледі. Ғылыми өндірістік –техникалық зерттеу орталығын қаржыландыратын - Ғылым қоры. Тек химия бағытында емес әртүрлі бағытта биологиялық, тіпті фармацевтикалық өнімдер де шығарылып жатыр. 

     «Жалын» ғылыми өндірістік -техникалық орталығындағы
ғалымдардың күшімен биологиялық қоспа ретінде тиімділігі жоғары емдік энтнросорбент өндірісі жолға қойылғанынан бүгінде жұртшылық хабардар.

     Сынақтан өтіп, елге тарай бастаған, тіпті қазір шетелдік компаниялардың да қызығушылығын тудыра бастаған биологиялық қоспалар кәдімгі күріш қауызынан жасалуда. Ал күріш қауызы – күріш өндірісінің қалдығын қанша көріп жүрсек те онша мән бере бермейтін, сол күріштің қауызы ішіндегі дәнді  сыртқы ортаны әсерінен қорғайтын табиғи сорбент болса, жаңадан өнген бидай дәнінің де құрамы тұнып тұрған дәрумендер екен. Біз мұны
тіпті мал азығына да пайдалануды бастадық дейді «Жалын» ғылыми өндірістік -техникалық орталығының аға ғылыми қызметкері  Елдана Рысбаева:

"Біздің ғылыми орталық әртүрлі өнімдерді шығарады.Соның ішінде ауыл шаруашылығына маңызды өнімдер. Сонымен қатар премикс. Премикс дегеніміз азықтық жем. Бұның құрамы  өскен бидайдан  тұрады. Және де топинамбур энтнросорбент яғни біз өзімізде шығарылатын күріш қауызынан алынатын энтнросорбент бұл мал төлдеген кезде іші ауырады, соның алдын-алу барысында қолданылатын өнім. Кез-келген үй жануарына беруге болады. Бір келі концентрацияны 10 келі азықтық жемге араластырып салады. Өте құнарлы болып келеді.  Бұл топинамбурды  адам да қолдануға болады. Қант диабетінің алдын-алатын дәрілік өсімдік болып табылады. Бұл өсімдікті жануарлардың азығына қосып төрт түлікті сауықтыру мақсатында және де құнарлығын арттыру, сүттілігін, еттілігін көбейту мақсатында қолданылады. Жаңа өскен бидайдың мақсаты ағзаға энергия береді. Бұның құрамында гармондар өте көп болады, табиғи гармондар өсімдіктің өзінен алынады. Сондықтан біз оны азық-түлік жемге қолданып, ірі қараның қуаттылығын арттыру мақсатында қосып отырмыз. Бұны ауыл шаруашылығымен айналысатын өңірлерге барып сынақтан өткізіп көрдік. Сұраныс жоғары болған соң өндіріске жол тартты".


     Қазір ғылыми жобаларды қаржыландыру жылдан-жылға артып, ғалымдарға
мемлекеттік қолдау жолға қойыла бастағандықтан, ғылымның нәтижелілігін арттыру, оны бизнес-қоғамдастықтың сенімді серіктесі ету
маңызды.

     Ғылымды коммерцияландыру – түрлі ғылыми-техникалық зерттеулер
нәтижелерінің негізінде бизнес құру, кәсіп бастау, оның жұмысын
жандандыру, яғни тауарға айналдыру деген сөз.

     Ал ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық
қаржыландыруды жүзеге асыратын  Ғылым қоры. Қордың негізгі бағыты –
отандық ғалымдардың жобаларын өндіріске енгізіп, нарыққа шығару, соған
мұрындық болу, жобаларды коммерцияландыру үшін инвесторлар тартып,
ғалым мен өндірісті байланыстыру.  Бүгінгі таңда ғылым қорында
жүзеге асырылып жатқан 280 жобаның 170 тен астамы нарыққа шығып үлгерді дейді «Ғылым қорының» басқарушы директоры Манат Келдібеков:

«2016 жылдан бері Ғылым Қоры ғылыми және ғылыми-техникалық нәтижелерді коммерцияландыруда жобаларды гранттық қаржыландыру бойынша оператор болып табылады. 2016 жылдан бес конкурс өткізді. Конкурстың негізі грант. Грант ол экономикалық бағыттары бойынша беріледі. Ол мемлекеттік бағдарламалар, ұлттық жобалар болып табылады.Сол бойынша өтініштер қабылданады. Ғылым қоры конкурстық құжаттарды әзірлейді. Ғылым комитеті бекітеді. Кезінде басымдық бағыттар бойынша мемлекеттік бағдарламалар индустриялық бағытқа болған соң ГПИ бойынша өткізетінбіз. Ал 2022 жылдан бастап мемлекетімізде қабылданған  ұлттық жобалар, мемлекеттік бағдарламалар бойынша өткізіледі. Негізі ғылым нәтижелерін коммерцияландыру деген оңай емес.Өйткені ғылыми нәтижелерді, ғылыми инновацияларды нақты экономикаға, нарыққа шығару ұзақ жылдардан кейін ғана нәтижесі көрінеді. Дегенмен біз конкурсқа қабылдау кезінде мынандай талап қоямыз. Олар үш жыл мерзімінде сол жобаны іске асыруда кем дегенде 10 пайыз сатылым нәтижесін көрсету керек. Бүгінгі таңда ғылым қорында жүзеге асырылып жатқан 280 жобаның  нарыққа жол тартқан 170 жобаға 300 миллион  қаржы жұмсалды. Экспортқа шыққан 16 жобамыз бар. Олардың сатылым көлемі 500 миллионнан асып кетті. Ауылшаруашылық, машина жасау, металлургия бағыты бойыншашетелдік нарыққа шыға бастады. Нақтырақ айтсақ біздің бизнес қазіргі таңда ғылыми жаңалықтарға мұқтаж және біздің ғалымдармен бірлесе жұмыс істеуге ынталы". 

     Қазақ  ұлттық  жаратылыстану ғылымдары академиясының бас ғалым-хатшысы, техника ғылымдарының докторы Әбдікерім Зейнуллин ғылымның нәтижесінде ғылыми жаңалық  болу керек. Бүгін  әлем қандай ғылыми жаңалыққа  зәру, ғалымдарымыз сол жағынан ізденсе, төрткіл әлем қажет етіп отырған жасыл сутегі өндірісіне қарай бет бұрып, қажетті өнім шығаруды бүгіннен бастасақ деген ойын ортаға салды. 

"Ғылыми жаңалық болған жұмыста ғана ғылыми жаңа методика, методологияны халық қолданып бір  нәтижеге жеткен жұмысы ғана ғылыми жұмыс болып есептеледі. Ең бірінші Үкімет жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия деген бар.Олар Қазақстанда ғылымға басымдықты қандай бағытта дамыту керектігіне назар аударады.Содан кейін  ғылым және жоғары білім министрлігі конкурс жариялайды. Ол еліміздің экономикасына қажетті болу керек. Бірақ нақты өндіріске енгізу үшін,әрине, бірінші  сұраныс өндіріс жақтан болуы тиіс, яғни осы бағытта бізге ғылым керек деген. Бірінші өндірісті зерттеу керек, сонан кейін барып, біздің ғалымдарға ұсыныс жасалады. Форсайт деген бар – «болжау». Жобаны іске асыру үшін белгілі бір саланың,бизнестің сарапшылары шешім қабылдаушылар тобы жиналады. Сол саланың болашағын жан-жақты зерттейді, қарастырады. Кез келген жобаның, бизнестің болашағы алуан түрлі болуы мүмкін. Ал форсайт-мамандар болашақтың ең қолайлы нұсқасын таңдап, талқылап, дамытады. Қазіргі уақытта дүниежүзі басты назарды энергетиканың жаңа бағыты – сутегі энергетикасына аударып отыр. Экономикалық жағдайы көш бастайтын мемлекеттер де қолдап отыр. Біздің Қазақстан да көштен қалып қалмауымыз керек. Қалып қалсақ кейін сатып алатын боламыз.Сондықтан ғалымдар ерте қолға алу керек. Біз шикізатқа бай елміз,сирек металдарымыз бар.Оны қалай пайдалану керек екенін әзірше білмейді. Соларды зерттеп ғылымға қосу керек. Бұндай конференциялар айтарлықтай проблеманы шешпейді. Дегенмен бұл  «Ғылым және бизнес» тақырыбындағы ұйымдастырылған 4-ші халықаралық ғылыми-практикалық конференция ғалымға да, өндіріске де өзінің пайдасын тигізуі мүмкін. Конференцияның ертең шешімдері болады.Мен ғалым ретінде біраз ұсыныстар айттым. Мысалы мен «Самұрық-Қазына Өңдеу» ұлттық компаниясының бақылау кеңесінің мүшесімін.Ол компанияның ішінде ғылыми-техникалық кеңес бар. Сол кеңеске ұсыныстар келеді де, олар қарайды. Жаңағы компанияға, барлық «Самұрық-Қазынаға» егер қажетті ғылыми жұмыстар болса олар растайды да «Самұрық Қазынаға» береді. Компания қаржыландырады.ҚазМұнайГаз АҚ-ның,Казатомөнеркәсіп АҚ-ы жер асты пайдалы қазбаларын алып отыр ғой солар бір пайызын ғылымға төлеу керек. Сол ақшадан ғылыми жұмыстарды қаржыландырады. Егер сондай жұмыстар бар болса ұсыныс беріңіздер деп айттым". 

      «Ғылым және бизнес» тақырыбындағы 4-ші халықаралық
ғылыми-практикалық конференциядан қандай ой түйдік . Қазақ ғылымы ,
ғалымдарымыз өз жаңалықтарын, ғылыми-техникалық зерттеулерінің
нәтижелерін нарыққа шығаруға, бизнеске айналдыруға ұмтыла
бастағанының куәсі болдық. Ғылымды коммерцияландыру – жаһандық
деңгейдегі бәсекеге қабілеттіліктің негізі. Өйткені өндіріске жол тартқан
ғылыми зерттеулер мен зерттемелер жаңа технологиялар мен өндіріс
әдістеріне алып келеді. Ал ғалымдарымыз ойлап тапқан жаңа
материалдарды, медициналық дәрі-дәрмектерді, электрониканы,
энергетикалық және экологиялық технологияларды өндіру - экономиканың
жаңа салаларын құруға , елімізді дамытуға алып келетіні сөзсіз.

                                         Автор: Гүлназ Молдабергенова, журналист