фото: https://www.pexels.com/ru-ru/@tara-winstead/
Қатерлі ісік - өз бетінше дербес өсіп, көбейетін жасушалардың дегенерациясына негізделген ауру түрі. Жүрек-қан тамырлары ауруларынан кейін, қайтыс болу себептері бойынша қатерлі ісіктер екінші орын алады. Жалпы бұл аурудың 100-ден астам түрлері бар, егер сырқат қатерлі ісіктің 1-2 сатысында болатын болса, оның 80,0% толық емделуіне болады. Ісіктердің көпшілігі бірнеше ай ішінде баяу дамиды. Қатерлі ісіктің дамыған түрлері әрбір оныншы науқасқа 5 жыл өмір сүруіне мүмкіндік береді.
Қатерлі ісік ауруының себептері - сыртқы және ішкі ағзаға тікелей байланысты.
- химиялық қосылыстар, сәулелену және вирустар, ауру жағдайларының 90% канцерогендердің әсерінен пайда болады;
- адам ағзасындағы жасушалар қажетті функцияларды орындағаннан кейін мүлдем жоқ болады, болмаса кейбір жағдайларда үлкен жылдамдықпен бөліне бастайды, бұл - ісіктердің пайда болуына әкеліп соқтырады;
- иммунитет төмендеген уақытта обыр клеткалары адам ағзасында қалыптаса бастайды. Салдарынан қатерлі ісік жасушалары уақытылы жойылмай, денсаулыққа зиянын тигізеді;
- көптеген аурулар стресстен пайда болады.
- Онкологияның пайда болуы осы психологиялық факторларға тікелей байланысты;
- вирустар мен бактериялар-онкологиялық аурулардың кейбір түрлерін асқындырып, қоздыратыны дәлелденген;
- еркін радикалдар-адам ағзасындағы тотығу стрессін тудырып, қатерлі ісіктің пайда болуына әкеліп соқтырады;
- зиянды әдеттер: темекі шегу, алкогольге тәуелділік, артық салмақ ісік.
Онкологиялық аурулардың алдын алу бағыттарының бірі - онкологияның пайда болуынан бұрын болуы мүмкін аурулар мен жағдайларды анықтау және емдеу болып табылады. Олар: асқазан-ішек жолдарының ұзақ емделмейтін жаралары, аш және тоқ ішектегі созылмалы қабыну процестері, аш және тік ішек полипозы, бауыр циррозы, жатыр мойны эрозиясы, жатыр фибромиома, мастопатия, өкпенің созылмалы аурулары, қалқанша безінің аурулары, простата, темекі шегу және алкогольді теріс пайдалану.
Сырқатты дер кезінде анықтау үшін:
- флюорографиялық тексеруден өту;
- тіс дәрігеріне көріну;
- 40 жастан 70 жасқа дейін маммографиялық тексеруден өту;
-30 жастан 70 жасқа дейінгі және одан үлкен әйелдер-жатыр мойны обырын ерте анықтау үшін гинекологиялық кабинетке бару;
- әйелдер мен ерлер –50 -70 жас аралығы және одан жоғары – колоректальды қатерлі ісікке тексерілу;
Егер де сізде осындай белгілер болса: ішектің жұмысындағы өзгерістер немесе зәр шығарудың қиындауы; асқазанның бұзылуы (жүрек айну, қышу, ауырсыну, тәбеттің төмендеуі, жұтылу, құсу); емдеу аясында ұзақ уақыт емделмеген жараның болуы; әдеттен тыс ағып кету немесе қан кету;сүт безінің, дененің басқа бөлігінің ісінуі, тығыздалуы немесе деформациясы; (жас дағының түсі мен формасының өзгеруі,терінің қышуы, шаштың жоғалуы); құрғақ жөтелдің пайда болуы, дауыстың тұншығуы); мойын аймағындағы ауырсыну немесе қысылу; ауыз қуысының, тілдің шырышты қабығының өзгеруі және өзге де белгілер бойынша дәрігердің кеңесіне жүгініңіз.
Қатерлі ісік ауруының қаупін азайту үшін:
-Шылым шекпеңіз! Егер сіз темекі шегетін болсаңыз, тоқтатыңыз!
- Салмағыңызды бақылаңыз! Семіздіктің дамуына жол бермеңіз!
- Алкогольді, сыраны асыра пайдаланбаңыз;
- Балалар мен жасөспірімдер күн сәулесінде (15 минуттан артық) болмауын қадағалаңыз;
- Күннен қорғайтын кремдер пайдалаңыз және міндетті түрде көзілдірік тағып жүріңіз;
- Салауатты өмір салтын ұстаныңыз;
- Профилактикалық скрининг-тексерулерден өтіңіз.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через