Нысана көздеуден Гран-при жарысында ел қоржынына 2 медаль түсті

Нысана көздеуден Гран-при жарысында ел қоржынына 2 медаль түсті
фото: Спорт және дене шынықтыру комитеті

       Чехияның Пльзень қаласында нысана көздеуден Гран-при бәсекесі өтіп жатыр.

       10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға көздеуден командалық сында әйелдер арасында Зухра Ирназарова, Александра Садуақасова мен Фатима Ирназарова үштігі күміс жүлде иеленді. Сондай-ақ дәл осы бағдарламада еліміздің ерлер құрамасы (Даниил Яковенко, Асадбек Назиркульев, Андрей Худяков) қолаға қол жеткізді.

       Әлемдік додаға 23 елден 550 спортшы қатысып жатыр.

       Baq.kz