фото: pexels.com
Жапонияның ең танымал нан өндіруші компанияларының бірі өнімінен егеуқұйрық қалдығы табылған соң мыңдаған нан өнімін қайтарып алып, өтемақы ұсынып отыр. Бұл туралы ВВС жазды.
Екі наннан қара егеуқұйрық қалдығы табылғаны үшін Pasco Shikishima корпорациясы шығарған 104 000-ға жуық кесілген ақ нан сөрелерден алынып тасталды.
Pasco наны бүкіл ел аумағындағы супермаркеттер мен дүкендерде кеңінен таралған.
Компания мәлімдемесіне сәйкес, осы уақытқа дейін өнімді тұтынудан ауру туындағаны туралы хабарлама болған жоқ.
«Тұтынушыларымыздан, іскер серіктестерімізден және барлық мүдделі тұлғадан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - делінген хабарламада.
Компания егеуқұйрық қалдығының нан өніміне қалай енгенін айтпады, бірақ «енді қайталанбауы үшін сапаны бақылауды жақсартуға бар күш-жігерін салуға» уәде берді. Зардап шеккен клиенттер үшін компания өз веб-сайтында өтемақы алу формасын орналастырды.
Айта кетейік, Pasco өнімдері АҚШ, Қытай, Аустралия, Сингапур және басқа елдерге де экспортталады.
Дереккөз kaz.inform.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через