Нағыз қазақтың ұлымын. Өмірқұл Айниязов

Нағыз қазақтың ұлымын. Өмірқұл Айниязов
фото: ticketon.kz

30 мамырда, Алматыдағы Республика сарайында  Өмірқұл Айниязовтың "Нағыз қазақтың ұлымын" атты жеке концерті өтеді.

 Шығармашылық кеш сағат 19.00 басталады. 90 минутқа жоспарланған концерттік бағдарламаға халық әндері, қазақ композиторларының танымал туындылары, сонымен қатар заманауи әндер енген. 

Өнер иесіне қатысты қосымша ақпарат бере кетсек. Өмірқұл Айниязов - «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Жастар одағының «Серпер» сыйлығы иегері, 2000 жылдан бері ұлттық өнеріміздің кеңінен насихатталу жолында мәртебелі марапатқа ие болып жүрген Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының әншісі.

Шығармашылық жолында қазақтың дәстүрлі ән-жырларын, қазақ композиторларының шығармаларын қайта өңдеп, халық әндері мен термелерін жаңа үлгіде сахна төріне шығарып, әнсүйер қауымның алғысын алып келеді.  Репертуарында қазіргі заманауи әндер де баршылық.

Отан, туған жер, ауыл туралы, махаббат тақырыбында «Қазақстаным», «Еркесай», «Бір шәугім шәй» деген әндерге түсірілген бейнебаяндары бар.  «Елім, елім-ай», «Байтақ елім», «Ақжайнақ» сияқты көптеген әндері халыққа етене таныс.