фото: Pixabay.com
Адам миы бұрын ойлағаннан 10 есе көп ақпаратты сақтай алатыны белгілі болды. Яғни компьютерден көбірек деректерді сақтай алады.
Мұны Калифорния биологиялық зерттеулер институтының мамандары анықтады.
Ғалымдар егеуқұйрықтардың гиппокампының нейрон байланысын зерттеді. Мидың бұл аймағы эмоцияларға, оқуға және есте сақтау қабілетіне жауап береді.
Мида сақталатын ақпарат көлемін анықтау үшін арнайы модель жасалды. Өлшем бірлігі бит болды. Осы арқылы ғалымдар кез келген мидың бір петабайт ақпаратты сақтауға қабілетті екенін анықтады. Яғни әлемдегі барлық веб-сайттың көлемі шамамен 5 петабайтты алады.
Stan.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через