Қазақстандағы алғашқы автомобиль туннелі

Қазақстандағы алғашқы автомобиль туннелі
фото: pexels.com

Заманауи туннельдер әртүрлі табиғи кедергілерді жеңуге, жол жүру уақытын қысқартуға және бензинді айтарлықтай үнемдеуге көмектеседі. Олардың көпшілігі техникалық жабдықтармен және қауіпсіздік жүйелерімен ғана емес, сонымен қатар өлшемдерімен де таң қалдырады, деп хабарлады "Сапалы Қазақстан" порталының тілшісі. 

Жер асты өткелі біздің елде алғаш рет ашылғалы отыр. 

Түркістан облысындағы Шақпақ баба асуы арқылы өтетін еліміздегі алғашқы автомобиль туннелінің құрылысы биыл жазда аяқталып, қолданысқа беріледі. Мұны Көлік министрлігі хабарлады. Бүгінде бетон және асфальтбетон жұмыстары толығымен аяқталды, сондай-ақ жарықтандыру орнатылды. Қазір бейнебақылау және газ құбырларын өткізу, желдету мен өртке қарсы құрал-жабдықтар орнату жұмыстары жүргізілуде. Басты жұмыстар аяқталған.

Жалпы жер бетінде автокөліктерге арналған әр түрлі жер асты өткелдері бар. Олар ұзындығы,  қысқалығы жағынан ғана емес, ерекшелігімен есте қалады. Мысалы, Норвегияда жер асты жарығы күннің батуы мен шығуын, ал Қытайда бұлттар мен күн сәулелерін имитациялайды. Лердаль туннелінде жүргізушілерге арналған "демалыс үңгірлері", ал Сент-Готтардскіде ауыр жүк көліктеріне арналған "күту залдары" бар.

Бүгінгі таңда жетекші инженерлер жерасты магистральдарының барлық үлгісін салып жатытр. Олар  "спираль", айналмалы қозғалыс, қиылыстар, жартастағы көлік айырбастары, үңгірлер және жартастардың панорамалық көріністерімен біріктірілген. 

Ең әдемі туннель

Норвегиядағы 2000 жылы ашылған Лердаль туннелі (Lardal) осылай сипатталады. Сонымен қатар, бұл әлемдегі ең ұзын автомобиль туннелі-оның ұзындығы 24,5 шақырым.

Жер асты жолы түрлі түсті шамдармен жарықтандырылған. Бұл автокөлік жүргізушілерге тамаша көңіл-күй сыйлау үшін жасалған. Сонымен қатар жол бойында   үш үлкен жасанды үңгір кездеседі. Бұл жүргізушілерге тоқтап демалуға мүмкіндік береді.

 Ең экстремалды / қауіпті туннель

Бұл сипаттамаға Қытайдағы Гуолян ауылының жанындағы туннель кіреді. Оның ерекшелігі сол құрылыс  жақын маңдағы ауылдан келген 13 адамның қолымен биік жартаста жасалған. Оның ұзындығы небары 1,2 шақырым, ені — төрт, биіктігі-5 метр.

 Туннельге жарық сырттан түседі. Жол жарық болу үшін арнайы  30 саңылау кесілген, яғни жартастың сыртынан терезе жасалған.  

Туннель өте қауіпті саналады. Өйткені, онда бұрылыстар көп, жол тар, кей жерлерде өткелді  өрескел кесілген бағандар ұстап тұр. 

 Ең көне туннель

Темзаның астына салынған мұнара туннелі (Tower Subway). Ол 1869-1870 жылдары салынған, ұзындығы 411,48 метр және диаметрі 2,13 метр. Құрылыс басында 10-12 жолаушыға лайықталған. Бұл арпалықта бір ғана вагон қатынады. Оны бу машиналары арқылы қозғалатын болат кабельдер басқарды. Бір станциядан екінші станцияға дейінгі жолды жүріп өтуге 70 секунд уақыт жұмсалды.

Кейіннен туннель жаяу жүргіншілер жолына айналды, қазір ол  ол су өткізетін құбыр ретінде пайдаланылады.

 Фотолар dzen.ru сайтынан алынды.