фото: https://vechastana.kz/zolotoj-duet/
Әртістік жүзуден Парижде өтіп жатқан әлем кубогының 2-ші кезеңінде су спортынан тұңғыш әлем чемпиондарымыз Эдуард Ким мен Наргиза Болатова қарсылас шақ келтірмеді.
Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мәлімдеді.
Техникалық аралас дуэт
- 1-орын (Қазақстан): Эдуард Ким/Наргиза Болатова — 216.3250
- 2- орын (Италия): Филиппо Пелати/Сара Мария Ризеа — 207.5367
- 3-орын (Испания): Жорди Касирес Иглесиас/Жудиз Калво Реквена — 198.8417
Сондай-ақ қазақстандық спортшылар Артур Майданов пен Валерия Столбунова жұбы 185.7367 ұпаймен 5-орынға табан тіреді.
Естеріңізде болса, 1 ай бұрын Қытайдағы алғашқы әлем кубогының кезеңінде Эдуард Ким/Наргиза Болатова күміс медаліне ие болған болатын.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через