Демалыс. Елді таңдамас бұрын, ережемен танысыңыз!

Демалыс. Елді таңдамас бұрын, ережемен танысыңыз!
фото: https://www.istockphoto.com/

     Еліміздің 10 миллионнан аса азаматы өткен жылы шет елдің тұмса табиғатын көріп қайтқан. 

     Бұл сан биыл артуы мүмкін. Экзотикалық елдерде демалу кезінде неден сақтану керек, нені ескеру керек? 

    Күн жылынып, жер аяғы кеңіп, жаз да жақындап қалды. Жаз келе сала адамдар демалысты жоспарлай бастайды. Бұл орайда көпшілігі қай мезгілде, қай мемлекетке барып демалған дұрыс әрі тиімді екенін біле бермейді. Себебі әр мезгілдің өз ерекшелігі болады. 

     Статистикаға сүйенсек, қазақстандықтар Түркия, Араб Әмірліктері және Египет елдеріне жиі саяхаттағанды ұнатады. Алайда, экзотикалық елде демалғанды қалайтындар да бар. 

    Мүмкіндік болса қай елге саяхаттар едіңіз? 

     - Мүмкіндік болса Малайзияға баратын едім. Өйткені ол экзотикалық елдердің қатарына жатады. Адам аяғы баспаған, табиғаты ерекше.

     - Өзім Америкада болдым, Дубайда болдым, Турцияда болдым, енді сол Таиландқа. Экзотикасы былай, жалпы жаңа жердің барлығы жақсы ғой. 

     - Швейцарияға барғым келеді. Себебі ол жақтың табиғаты мені шабыттандырады. 

     Иә, тұрғындардың басым көпшілігі табиғаты тылсым, көп адамдар біле бермейтін, таңсық жерлерді көруге құштар. Десе де қауіпсіздік ережелерін біле бермейді дейді, мамандар. Мәселен былтырғы жылы Астана және Ақтөбе, Павлодар облыстарындағы шет елге барып келген 3 адамнан денге безгегі анықталған. Ал жыл басынан бері бір ғана жағдай тіркелген. 

     Жанна Пралиева, қалалық санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары: 

     - Биыл шет елден келген біздің қалада емес, бірақ елімізде бір жағдай орын алды. Тырысқақ. Бүкіл қарым-қатынаста болған адамдары медициналық бақылауға алып, уақытылы текеріп, барлығы медициналық бақылауда болып, денсаулықтарында күдік болған жоқ. 

    Мамандардың айтуынша аса қауіпті инфекция тропиктік белдеуде орналасқан елдерде кездеседі. Оған жергілікті тұрғындардың еті үйренген. Ал келушілер үшін ең жеңіл сезілетін аурудың өзі қиынға соғуы мүмкін. 

     Жанна Пралиева, қалалық санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары: 

     - Аса қауіпті инфекциялар көп елдерде тіркеледі. Ол мысалы оба, тырысқақ, сары қызба, гемарагиялық қызба. Осы инфекциялар өте қауіпті. Сол елге барған кезде өздеріңе жұқтырып алмау үшін, өздеріне көп ақпаратты жинап алуы тиіс. Өйткені кейбір елдің өзінің табиғатына сай шыбын-шіркейлері, жануарлары болады

     Әрине, бұл экзотикалық елдерге бармау керек дегенді білдірмейді. Әр мемлекеттің өзінің ерекшелігі болғандықтан, сол мемлекетке барар алдында турагенттіктен алдын-ала сапарға шығатын мемлекет жайлы біліп алған жөн. 

     Инна Рей, "Туристік қамқор" қорының жетекшісі:

      - Қордың тапсырысымен мобильді қосымша жасалды. Қазақстандықтар бұл қосымшаны ұялы телефонға орнатып, кез келген уақытта кіріп қажетті ақпаратты ала алады. Мәселен қандай да бір елде қандай проблемалар бар, неден қорқу керек, қай жерлерде сақ болу керегі жайлы біле алады. Сондай-ақ туризмге қатысты шағымдана алады. Біз ол проблеманы шешуге көмектемесіз. 

     Иә шешілмейтін түйін жоқ. Десе де шет елге қыдырып барсаңыз, сол елдің салт-дәстүрін сақтауға міндеттісіз дейді, мамандар. Мысалы, Мысырда теңізден Қызыл кітапқа енгізілген тас, ракушка алуға қатаң тыйым салынған. Алған жайғдайда айыппұл арқалайсыз. Сонымен қатар мұсылман елдерінде қатты ашық киінуге болмайды.

     https://24.kz/kz/