фото: https://pixabay.com/ru/
Кәмпиттің қағазын ақша санап, дүкен ашып, сауда жасайтын балалық бәрінің басынан өткен шығар.
Ол кезде бұл ойын болғанымен, өсе келе қаржыны дұрыс ұстауға үйретудің бір тәсілі екенін түсіндік. Ал бүгінгінің балаларын бұл тәсіл қызықтыра ма? Қаржылық сауатын қалай ашамыз?
Бүгінгі бала – ертең студент. Бірақ қазір елдегі 500 мыңға жуық студенттің несиесі бар. Оның ішінде 47 мыңы проблемалық несие. Мұндай жағдайдың алдын-алу үшін балаға жастайынан қаржылық сауатты үйрету қажет.
Алайда «Қарызсыз қоғам» ұйымы жүргізген сауалнамада ұстаздардың 80 пайызы «Жаһандық құзыреттілік» пәні аясында сауаттылықты оқытуға арналған оқулықтар мен әдебиеттердің жоқтығын айтқан.
Жеке пән болып енгізілмесе де, бүгінде мектеп ұстаздары арнайы курстан өтеді. Сол арқылы білген, түйген қаржылық сауат, депозит, карта, несие сынды ұғымдарды бала тіліне икемдеп, үйретеді.
Бүгінде қаржылық сауаттың аздығынан сан соғып қалып жатқандар аз емес. Ойланбай қарыз алады. Ойланбай ақша жұмсайды. Әсіресе ақыл тоқтатпаған жастардың қызылды-жасылды жарнаманың арбауына оңай иілгіш келетіні осыдан.
Бірінші кредиттік бюроның 2023 жылға қорытындысы бойынша елде 9 млн-нан астам халық еңбекке жарамды болса, оның 8,6 миллионында банктер мен басқа да қаржы институттарына қарызы бар. Ал дәл сол жылдың есебі бойынша қазақстандықтардың қаржылық сауатының деңгейі – 40,5 пайызды көрсеткен.
https://24.kz/kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через