Әпкесінің түсінде аян берген жігіт джекпот жеңіп алған

Әпкесінің түсінде аян берген жігіт  джекпот жеңіп алған
фото: https://pixabay.com/ru/

       АҚШ тұрғыны әпкесінің түсінен кейін лотереядан 837 мың доллар ұтып алды.  

       Солтүстік Каролина штатының тұрғыны Дэвид Этвелл үйінің жанындағы дүкеннен лотерея билетін сатып алған. Ол барлық 5 санды да тауып, джекпот жеңіп алған. 

       Этвеллдің сөзінше, әпкесі түсінде оның алтын тауып алғанын айтыпты. 

       "Менің жақындарым маған отбасыдағы ең жолы болғыш адамсың деп айтты", – дейді ол.

       Жеңімпаз ұтысқа қатты таңғалғанын айтады. 

       "Бастапқыда джекпот 100 мың долларға дейін екенін көрдім. Бірақ мұны басқа адам жеңді деп ойладым", – дейді ол.

       Енді ер адам қаржының бір бөлігін шіркеуге қайырымдылыққа бермек, ал қалғанын қарыздарын өтеуге жұмсайтынын жеткізген. 

       Stan.kz