фото: https://www.istockphoto.com/
Бүгінгі күні әлемде жүрек-қан тамырлары аурулары адам өлімінің негізгі себептің біріне айналған. Оның көпшілігі біз түсіне бермейтін немесе мән бермейтін жаман әдеттермен байланысты. Бұл туралы Алматы қалалық кардиологиялық орталығының кардиологы Ақнұр Арыстанова айтты. Ол сондай-ақ қандай зиянды әдеттердің жүрекке қауіпті екенін және олардан арылу жолдарын айтып берді.
Дәрігердің сөзінше, темекі шегу — жүрекке әсер ететін ең қауіпті әдеттің бірі.
«Никотин және темекідегі басқа заттар атеросклероз және миокард инфарктісі сияқты жүрек ауруларының даму қаупін арттырады. Сондықтан темекі шегуден бас тарту — жүрегіңізді қорғаудың ең жақсы тәсілдің бірі. Одан кейін — дұрыс тамақтанбау. Майларды, қантты, тұзды және өңделген тағамды шамадан тыс тұтыну семіздікке, қысымның жоғарылауына және жүрекке қауіп төндіретін басқа факторларға әкелуі мүмкін. Жүрек денсаулығын сақтау үшін жеміс, көкөніс, дәнді дақылдар және майсыз ақуыздарды көбірек тұтыну ұсынылады. Үшіншіден, қозғалысы аз өмір салты. Физикалық белсенділіктің болмауы жүрек-қан тамырлары ауруларының даму ықтималдығын арттырады», — дейді Ақнұр Арыстанова.
Алкогольді шамадан тыс тұтыну да жүрек денсаулығына да кері әсер етеді. Алкогольді көп мөлшерде ішу қан қысымын, холестеринді жоғарылатып, аритмия мен басқа да жүрек проблемаларының даму қаупін арттыруы мүмкін.
Стресс пен тұрақты шиеленіс жүрекке теріс әсер етеді, бұл қысымның жоғарылауына, жүрек соғу жиілігінің жоғарылауына және басқа мәселелерге әкеледі.
«Жоғарыда айтылғандардың бәрін ескере отырып, жүректің денсаулығын сақтау үшін жаман әдеттен аулақ болу және салауатты өмір салтын ұстану қажет. Тұрақты медициналық тексеру, дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік және темекі шегуден бас тарту жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін азайтуға және көп жыл бойы денсаулықты сақтауға көмектеседі», — деп атап өтті кардиолог дәрігер Ақнұр Арыстанова.
Еске салсақ, бұған дейін фастфуд та — жүрек ауруының басты себебі болатынын жазғанбыз.
https://kaz.inform.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через