2 мың жеткіншекке оқу құралдары үлестірілді

2 мың жеткіншекке оқу құралдары үлестірілді

Жаңа оқу жылының қарсаңында Алматы қаласы мен Алматы облысының 2 мың жеткіншегіне оқу құралына толы сөмкелер үлестірілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды "Балалар жылы" деп жариялаған еді. Осыған орай «Мектепке жол» акциясының аясында қоғамдық қор көпбалалы, аз қамтылған және мүмкіндігі шектеулі отбасында өсіп келе жатқан жас өрендерге тосын сый жасады. Сөмкенің ішінде дәптер, әдістемелік құралдар, қалам, өшіргіш сияқты 32 түрлі құрал бар. Кемі жарты жылға жетеді.

Қасым Қасабеков, қоғамдық қордың директоры: - Бүгінгі шара ол жылдағы біздің қоғамдық қордың басты бағыты да  білім саласына максималды түрде көмектесу. Бұл Алматы білім басқармасымен бірге атқарылатын шаруа. Неге десеңіз, бұл білім басқармасында, мектептерде осы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың тізімдері бар. Біз сол кісілермен бірге осы тізімдерге қарап таратамыз.

Фото: sochistream.ru. дереккөз ktk.kz