Қазақстандық Заңғар Нұрланұлы 14 жасқа дейінгілер арасында Еуропа рейтингісінде бес ай бойы көш бастап келеді, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Tennis Europe ұйымы Монте-Карло қаласында биыл күзде өтетін Junior Masters жарысына орай жаңартылған рейтингті жария етті. Қазақстандық Заңғар Нұрланұлы 520 ұпаймен бірінші орында тұр. Дамир Жалғасбай 42-ден 34-орынға жоғарылады. Тағы бір қазақстандық Даниэль Тазабеков 44-сатыға жайғасты. Қыздар арасында Софья Исакова үздік жүздікке енді. Ева Корышева 560-тан бірден 328-орынға көтерілді.
Ақпарат дереккөзі
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через