10 шілдеден бастап Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы қайта қаралады

10 шілдеден бастап Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы қайта қаралады

     Бұл туралы Үкімет отырысында денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев мәлім етті.

     Оның айтуынша, алты мыңнан астам дәрі-дәрмектің 90 пайызының дерлік құны бұрынғы деңгейде қалады. Шекті көтерме және бөлшек бағаның өсуі жүз елу дәріге әсер етеді. Бұл нарықтың оннан бір бөлігі. Бірақ дәрі-дәрмектің екі пайызы ғана арзандайды.

     Үкіметте бүгін елімізде дәрі өндіру мәселесі талқыланды. 2025 жылға дейін Қазақстанда қолданылатын дәрінің жартысы отандық өнім болуы шарт. Халықаралық келісімдер қайта қаралатын болады. Денсаулық сақтау министрі дәрі елде өндірілетін болса, бағасы да арзан болатынын мәлімдеді.

     “Елімізде инновациялық, түпнұсқа препараттар дайындалып, ғылыми клиникалық орталықтар қалыптасу керек. Әрине дәріні өзіміз өндіретін болсақ, баға сәйкесінше төмен болады. Сырттан алып келетін препараттардың бағасына валюта, логистикадағы мәселелер әсер ететіні белгілі”, – дейді денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

     Stan.kz