Болашақ педагог студенттер 58 800 теңге шәкіртақы алады. АшыҚ НКА сайтында студенттердің шәкіртақысын өсіру бойынша қаулы жобасы жария болды. Құжат 29 маусымға дейін ашық талқылауда болады. Оған сәйкес, 1 қыркүйектен бастап ЖОО шәкірттерінің стипендиясы келесі мөлшерде өседі:
- Даярлаудың педагогикалық бағыттарында және даярлаудың "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша оқитын студенттерді қоспағанда, жоғары білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге – 36 660 теңге (қазіргі уақытта – 31 423 теңге);
- Педагогикалық бағыттар бойынша оқитын студенттерге - 58 800 теңге (қазір 50 400 теңге);
- "Денсаулық сақтау" дайындық бағыты бойынша оқитын студенттерге – 58 800 теңге (қазір 50 400 теңге);
- Интерндерге – 61 660 теңге (қазір 59 289 теңге);
- Магистранттарға – 86 987 теңге (76 950 теңге);
- "Назарбаев университетінде" оқитын магистранттарға – 162 500 теңге (143 750 теңге);
- Докторанттарға – 195 000 теңге (172 500 теңге);
- "Денсаулық сақтау" дайындық бағыты бойынша докторанттарға - 195 000 теңге – 172 500 теңге);
- "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттарға – 100 036 теңге (88 494 теңге);
- ҚР Жоғарғы Соты Жанындағы Сот төрелігі академиясының мемлекеттік органдардан оқуға жіберілген магистранттарына – соңғы жұмыс орны бойынша лауазымдық жалақы деңгейінде, бірақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын магистранттар үшін белгіленген мемлекеттік стипендия мөлшерінен төмен емес;
- Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттерге – 21 787 теңге (өзгеріссіз).
Стипендиялардың жаңа мөлшері 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через