Қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов әлем чемпионатында алғашқы медальді жеңіп алды

Қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов әлем чемпионатында алғашқы медальді жеңіп алды
Ұқсас мақалалар

Қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов әлем чемпионатында алғашқы медальді жеңіп алды

48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық Теміртас Жүсіпов әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.

Ширек финалдық кездесуде қазақстандық боксшы екі дүркін Азия чемпионы (2019, 2021) Өзбекстан өкілі Нодиржон Мирзаахмедовпен кездесті.

Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Жүсіпов 5:0 есебімен жеңіске жетті. Ол Қазақстан құрамасынан бірінші болып жартылай финалға шықты, бұл оған әлем чемпионатының жүлдесіне кепілдік береді.  Теміртас Жүсіпов – ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының спортшы-нұсқаушысы.

 

Мәтіндегі ақпарат туралы