Мексикалық боксшы Сауль Альварес ESPN арнасына берген сұхбатында қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге қарсы үшінші жекпе-жек туралы айтты.
«Бұл жекпе-жекті оны қайта көргісі келетін жандар үшін өткізуге. Өйткені адамдар бұл жекпе-жекті көргісі келеді», - деді мексикалық.
Бұған дейін Головкин Муратаны, Альварес Биволды жеңетін болса, Головкин – «Канело» жекпе-жегі биыл қыркүйекте өтуі мүмкін деген ақпарат тараған.
Айта кетейік, 9 сәуірде Геннадий Головкин жапониялық Риота Муратаны техникалық нокаутпен жеңді.
Ал Сауль Альварес пен ресейлік Дмитрий Бивол арасындағы жекпе-жек 8 мамырда Лас-Вегаста (АҚШ) өтеді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через