Гавайиде 550 жылдық табиғи арка мұхитқа құлады

Гавайиде 550 жылдық табиғи арка мұхитқа құлады

фото: https://pixabay.com/

Гавайи аралындағы әйгілі Хоулей Си Арч табиғи аркасы Тынық мұхитына құлап, жойылды.

Биіктігі 27 метр болатын Хоулей Си Арч аркасы шамамен 550 жыл бойы сақталған.

Табиғи нысан "Гавайи жанартаулары" ұлттық саябағында орналасқан және туристер арасында танымал болған. Арканың нақты қашан құлағаны белгісіз. 23 қыркүйекте ол әлі тұрған, ал 27 қыркүйекке қарай толықтай жойылып кеткен.

Мамандардың болжамынша, арканың құлауына қатты жаңбыр мен биік толқындар себеп болуы мүмкін. Бұл уақытта аралға "Ноло" тропикалық дауылы әсер еткен.

Арка орналасқан жағалау бұған дейін де біртіндеп бұзылып келген. Толқын мен желдің әсерінен жартастар әлсіреген. Сонымен қатар, 2018 жылы Килауэа жанартауы атқылаған кезде болған жер сілкіністері де жағалауға әсер еткен.

Қазір саябақ әкімшілігі туристерді арканың бұрынғы орнына жақындамауға шақырды. Өйткені бұл аумақтағы жартастар әлі де қауіпті және кез келген уақытта құлауы мүмкін.

Хоулей Си Арч ежелгі лава ағынының жел мен су әсерінен мүжілуі нәтижесінде пайда болған. Мамандардың айтуынша, мұндай табиғи аркалар уақыт өте келе бұзылады.

Дерек көзі: https://inbusiness.kz

Читайте также

Subscribe
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите