Жапония халқы бес жылда 3,17 миллион адамға азайған

Жапония халқы бес жылда 3,17 миллион адамға азайған

фото: https://pixabay.com/

Жапонияның жалпы халқы, оның ішінде шетел азаматтары да бар, 2025 жылғы 1 қазанда 122 972 528 адамды құрады. Бұл 2020 жылғы санақпен салыстырғанда 3 173 571 адамға немесе 2,5%-ға аз, деп хабарлайды JIJI Press агенттігі.

Бұл – 1920 жылдан бері бес жыл сайын өткізілетін халық санағында тіркелген қатарынан үшінші төмендеу.

Жапония азаматтарының саны 3,5%-ға азайып, 119 131 935 адам болды. 2020 жылғы санақта бұл көрсеткіш 1,4%-ға төмендеген еді.

Ал елдегі шетел азаматтарының саны керісінше 39,8%-ға өсіп, рекордтық 3 840 039 адамға жетті.

Шетел азаматтарының арасында Қытай азаматтары ең көп үлесті – 24%-ды құрады. Одан кейін Вьетнам азаматтары – 15,9%, ал Оңтүстік және Солтүстік Корея азаматтары 10,4% болды. Алдыңғы санақта кореялықтар 15,8% үлеспен екінші орында тұрған, ал вьетнамдықтардың үлесі 13,9% болған.

Жапонияның жалпы халқының 59 772 092-сі ер адамдар, 63 200 436-сы әйелдер. 65 жастан асқан тұрғындардың үлесі 28,5%-дан 29,4%-ға өскен.

Айта кетейік, бұған дейін Жапонияда 100 жастан асқан тұрғындар саны рекордтық деңгейге жеткені хабарланған еді.

Дерек көзі:https://kaz.inform.kz

Читайте также

Subscribe
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите