Астанада AI кино фестивалінің жеңімпаздары анықталды

Астанада AI кино фестивалінің жеңімпаздары анықталды

фото: https://reposta.kz

       Астанада Astana AI Film Festival халықаралық кино байқауы өз мәресіне жетті. Үш күнге созылған фестивальге әлемнің 125 елінен 8 мыңнан астам өтінім түскен. Соның ішінен 25 фильм финалға жолдама алған.

       Халықаралық қазылар алқасы үздік жұмыстарды саралап, бірнеше номинация бойынша жеңімпаздарды анықтады.

       Қазақстандық автор Мырзахан Жұмахан да жүлдегерлер қатарынан көрінді. Оның It Was Just a Joke фильмі Best Character, яғни «Үздік кейіпкер» номинациясында жеңімпаз атанды.

       Фильм комедиялық жанрда түсірілген. Сюжетте ит пен оның иесінің ағасы арасындағы әзілден басталған келіспеушілік біртіндеп үлкен жанжалға ұласады.

       Автордың айтуынша, туындыны жасау кезінде басты мақсат — көрерменге жеңіл әрі көңілді комедия ұсыну болған. Ал халықаралық байқауда жеңіске жету ол үшін күтпеген әрі маңызды нәтиже.

       Фестивальдің басты жүлдесін латвиялық Николай Шестак иеленді. Оның The First Honest Day фильмі бірінші орынға лайық деп танылды. Авторға 450 мың доллар сыйақы берілді.

       Екінші орынға 200 мың, үшінші орынға 100 мың доллар табысталды. Байқаудың жалпы жүлде қоры 2 миллион долларды құрады.

Читайте также

Subscribe
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите