Ақшаға ессіз ғашық болма. Пайдалы кеңес

Ақшаға ессіз ғашық болма. Пайдалы кеңес

фото: pixabay.com

Жапонияда ерлер мен әйелдер ұзақ өмір сүреді.  Тіпті жапон ғалымдарының арасында 65 жастан асқан қарт адамдар көп. Олар зейнеткерлік жасты 75-ке дейін көтеруді талап етеді, тек жұмыс пен өзін-өзі жетілдіру ғана қартаюды кешіктіре алады деп санайды. 

Қазіргі уақытта жапон ерлерінің орташа жасы 80, ал әйелдердікі 85. Көптеген зерттеулер саяхаттайтын, жұмыс істейтін, миын дамыта беретін және жаңа тілдерді үйренетіндер ұзақ өмір сүретінін көрсетті. 

Жапон дәрігерлерінің айтуынша, ұзақ жасау адамның өз қолында. Ол үшін күнделікті жаттығулар жасап, таза ауада көбірек қыдырып, жақсы нәрселерді ойлау керек. 

Назарларыңызға ұзақ уақыт бойы дәрігер болған 104 жастағы жапон дәрігерінің кеңесін ұсынамыз. Қазақшаға аударған Амантай Тойшыбайұлы.  

Пайдалы 20 кеңес

1. Салмағыңды ұста (жапондықтар салмақ қосуды 10,000 аурудың бастауы деп айтады)

2. Дәрігерге сенбе (дәрігерлер пен емшіліктің көпшілігі - пайда табуды көздеген бизнеске негізделген)

3. Ғылым ешнәрсені толық емдеген жоқ (ол сол уақытта ғана ауырсынуды басады, бірақ аурудың себебін емдемейді)

4. Әрдайым алдын-ала жоспарла. («Егер дайын болсаңыз, қайғы-қасірет болмайды.» Жапон мақал-мәтелі)

5. Ауырсыну - бұл ғажап нәрсе. (ауырсынуды басатын дәрілерді қолданбауға тырысыңыз)

6. Мотивацияны құрметтей біліңіз. (бір нәрсені байқап көруге және оны жаңадан бастау үшін мотивация өте маңызды)

7. Өмірдегі барлық нәрсе үшін шынайы алғыс айта біл (бар нәрсенің бәрі сенде болуы міндетті емес. Мысалы жақсы көретін адамың, ұнатқан затың, жұмыс-қызметің дегендей... Сондықтан барыңа риза бол.)

8. Жеделсатыны пайдаланба. (дененің төменгі бөлігін дамыту - ұзақ және сау өмірдің құпиясы)

9. Уайымдауды доғарыңыз (болуы тиіс нәрсе болмай қоймайды)

10. Білгеніңмен бөліс (білім мұхит сияқты. Мұхиттан шөмішпен су алып, өзгемен бөліскенмен, оның суы азаймайды)

11. Ақшаға ессіз ғашық болма (ақша - тек құрал ғана. Бақыт ол жерде ғана болмайды.)

12. Өнеге бола алатын бірдеме тап. (өзің ең жақсы жасай алатын нәрсені істеп, басқаларға үлгі бол. Жақсы күле білу, жаза білу өнері т.с.с)

13. Зейнетке шығу туралы ойлама. (қоғамға белсенді бол)

14. Әрқашан миыңды жұмыс істете біл (денеңді шынықтырып дамытқандай, миыңды да дамыта біл)

15. Ешқашан тоя тамақтанба. (Асқазанның 80% -нан асырма.)

16. Күн сайын бір стакан қызыл шарап іш (Аурудың алдын алады және жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін азайтады)

17. Жақсылап ұйықтап демал. (шаршауды басу үшін 8 сағаттық, кем дегенде 6 сағат ұйқы керек)

18. Шын жүрегіңізбен күле біліңіз (Стресспен күресудің ең жақсы тәсілі)

19. Кешіріп үйрен (ренжігіш адам іштей мүжіледі)

20. Омега 3-ке бай тағамдар қолданыңыз (жасыңыз емес, ақыл-ойыңыз жас болуы маңызды)

 

Бұл материал Амантай Тойшыбайұлының  Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасынан алынды. 

Читайте также

Subscribe
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите