Кімге несие алуға тыйым салынады?

Кімге несие алуға тыйым салынады?
фото: pexels.com

Көптеген елде шетелдіктердің ипотекалық қарыз алуына біршама жағдай жасалған. Тіпті, шетелдіктер үшін несие сомасы өз азаматтарына қарағанда аз болады, деп хабарлайды "Сапалы Қазақстан" порталы.

 RBC Real Estate шетелдіктер ипотекалық несиені қайдан ала алатынын, қандай жағдайда баспана алуға және қай елдерден сатып алуға болатынын зерттеді.

 Несие беру жолға қойылған дамыған елдерде ипотека алу оңайырақ. Қазіргі уақытта ипотекалық несиелендіру ісі жақсы жолға қойылған елдер ретінде Ұлыбритания, Германия, Франция, Скандинавия елдері, АҚШ және Канаданы атап өтуге болады, ал жақында Испания да бұл тізімне енді, - дейді PR-менеджер Қуат Домбай.

 Көбінесе қазақстандықтар демалғанды ұнататын әрі ондағы баспана бағасы арзандау елдерде ипотека шарттары  аса қолайлы емес немесе несие алу қиын, деп атап өтті сарапшы.

Фото: pexels.com.

 Зерттеу материалдарына сүйнетін болсақ, мысалы, Болгарияда, Латвияда, Түркияда және Черногорияда жылжымайтын мүлік бағасы салыстырмалы түрде төмен (40–50 мың еуродан), бірақ ипотека мөлшерлемесі 6%-дан 9,5%-ға дейін ауытқиды. Черногорияда мөлшерлеме 4-5%, бірақ шетелдіктер үшін несие алу қиын: тек Erste Bank шетелдік сатып алушылармен жұмыс істейді, бірақ одан несие рәсімдеу үшін елде тұруға рұқсат алу керек.

 Сонымен қатар, жылжымайтын мүлік қымбатырақ елдерде (100 мың еуродан бастап) ипотекалық шарттар қолайлы. Мысалы, Германияда тұрғын үй құнының 50%  жеңілдікпен жылына 1,5-2%, Испанияда - 70% - жеңілдікпен жылына 2,5%, Португалияда - 50-60% - жеңілдікпен жылына 2,5-4% ипотека рәсімдеуге болады екен. 

 

Біздің елімізде керісінше кейбір адамдарға несие беруге тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы Сенат отырысында  Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов айтты. 

Оның атап өтуінше, қауіпті шектеу мақсатында базалық банктерге резидент еместерге несие және басқа да несие өнімдерін беруге, сондай-ақ, банкпен ерекше байланысы бар тұлғаларға қарыз беруге тыйым салынбақ.

"Базалық лицензиясы бар банктер үшін кейбір қауіпті операцияларды шектейміз. Оларға банкпен ерекше байланысы бар тұлғаларға қарыз беруді де жатқызамыз. Заңнамада екінші деңгейдегі банктердің басшылығымен қандай тұлғалар аффилиирленгені жазылған. Банктер әр тоқсан сайын есеп береді, онда қандай тұлғалар аффилиирленгенін көрсетеді", - деп түсіндірді Қизатов Сенаттағы брифингте.