Үндістанда күнді зерттейтін алғашқы автоматты станса сәтті ұшырылды

Үндістанда күнді зерттейтін алғашқы автоматты станса сәтті ұшырылды

фото: inform.kz

Бенгал шығанағындағы ұлттық ғарыш айлағынан Лагранж L1 нүктесіне бағыт алған автоматты станса сәтті ұшырылды. 

Үндістанның ғарыштық зерттеулер ұйымы автоматты күн стансасын Жер орбитасына сәтті шығарды.

Ұшыру Бенгал шығанағындағы Шрихарикота аралындағы ғарыш айлағынан жүзеге асты.

Станса біраз уақыт Жерді айналы жүреді, содан кейін Лагранж L1 нүктесіне төрт айлық сапарға шығады. Бұл нүктеде Жер мен Күннің тартылыс күші тең саналады.

Бұл – Күнді зерттейтін алғашқы үнді миссиясы. Оның міндеті – электромагниттік өрістер, бөлшектер мен магнит өрісі детекторларын пайдалана отырып, хромосфера мен Күн тәжін зерттеу.

Мұның алдында үндінің «Викрам» аппараты Ай бетіне сәтті қонған болатын. 

Kursiv.kz

Подписывайтесь на наши соцсети и будьте в курсе всех событий!

Читайте также

Подписаться
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите