
Үндістанда 70 адам жай түсіп қайтыс болды
Жергілікті «Индия Тудей» сайтының хабарлауынша, құрбандардың жартысынан көбі Уттар-Прадеш штатында тіркелген. Сондай-ақ 23 адам Мадхья-Прадеш және қалған 7-уі Раджастхан штаттарының тұрғындары. Елдің премьер-министрі көз жұмғандардың жақындарына әлеуметтік желіде көңіл айтты. Полиция марқұмдардың басым бөлігі жастар екенін алға тартады. Билік құрбандардың отбасыларына 500 мың рупийден өтемақы төлеуге уәде берді.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через