Бітімгерлер 18 наурызда Сириядағы миссияны орындауға кіріседі. Олар келісілген жауапкершілік аймақтарын күзетеді, жол тосқауылдарын ұйымдастырады, бітімгершілік базасын күзетеді және бейбітшілік келісімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Біздің әскери қызметшілер Сирия астанасы - Дамаскіге ұшып келіп, ол жерден автокөліктермен Фауар бітімгершілік базасына жетті.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандық бірінші бітімгершілік континентінің құрамында 139 әскери қызметші бар, оның 7-уі мерген әйелдер, дәрігерлер мен аспаздар.
ҚазАқпарат