7 және 9 мамыр күндері Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері жұмыс істемейді.
Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"7 және 9 мамырдағы мереке күндеріне байланысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттерінде адамдардың, көліктердің және жүктердің өтуі жүзеге асырылмайды", – делінген хабарламада.
Теміржол бекеттері әдеттегідей жұмысын жалғастырады.
"Тасымалдаушылар мен шекараны кесіп өткісі келетіндердің барлығынан енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", – деді мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
Stan.kz
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через