Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері жабылады

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері жабылады

       7 және 9 мамыр күндері Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері жұмыс істемейді. 

       Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

       "7 және 9 мамырдағы мереке күндеріне байланысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттерінде адамдардың, көліктердің және жүктердің өтуі жүзеге асырылмайды", – делінген хабарламада.

       Теміржол бекеттері әдеттегідей жұмысын жалғастырады.

       "Тасымалдаушылар мен шекараны кесіп өткісі келетіндердің барлығынан енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз",  – деді мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

       Stan.kz