
фото: sputnik.kz
Піскен әрі шырынды қарбызды қалай дұрыс таңдау керек
Ең алдымен қарбыздың "құйрығына" қарау керек.
"Бұл өте маңызды сәт. Оны ажыратуды үйреніп алсаңыз, дәмді қарбызды оңай таңдап аласыз. Сонымен, түзу құйрық – "ұл" қарбыз, оның тұқымы көбірек және анағұрлым сулы болады. Қарбыздың "қыз" екенін білдіретін иілген және кеуіп қалған "құйрықты" іздеңіз, мұнай жеміс тәтті және шырынды болады", - дейді мамандар.
Екінші әдіс – қарбыздың "кіндігіне" қараңыз: ол неғұрлым үлкен болса, соғұрлым қабығы жұқа, дәмді болады.
Үшінші амал – жидекті екі рет шертіп көріңіз: егер қатты дыбыс шықса, онда ішінде шырын мен жұмсақ жері көп деген сөз, ал керісінше болса, онда қарбыз піспеген немесе сулы.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через