Президенттің сұхбаты - өркендеудің бастауы

Президенттің сұхбаты - өркендеудің бастауы

фото: kstnews.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бүгінгі берген «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» тақырыбындағы сұқбатында қоғамды толғандыратын мәселелер туралы пікір білдірді. Соның ішінде экономика тақырыбына қатысты бірнеше мәселені атап өтті.  

«Халықаралық валюта қорының сарапшылары 2023 жыл­дың қорытындысы бойынша Қазақ­станның Ішкі жалпы өнімі қазіргі бағамен есептегенде 259 миллиард доллардан асады, яғни 2022 жылмен салыстырғанда 15 пайызға артады деп бағалап отыр. Бұл – Орталық Азиядағы ең жоғары ақшалай өсім.

Жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім де өсіп келеді. Бұған қатысты болжамды көрсеткіш былтыр 13 мың долларға жуықтады. Оның жыл сайынғы өсімі 1,6 мың доллар болады деп бағалануда. Халықаралық валюта қорының болжамына сәйкес, 2028 жылға қарай бұл көрсеткіш отыз пайыздан да көбірек артып, 16,8 мың долларға жетеді.

 Халқымыз «Жақсы сөз – жарым ырыс» дейді. Үкімет экономиканы басқарудың тың тәсілдерін қолдана алса, жаңа айтылған жақсы болжамдар ақиқатқа айналады. Осы орайда негізгі екі бағытқа тоқталайын. Біріншіден, еліміздің өркендеуіне жол ашатын бірқатар нақты міндетті шешу қажет. Сондай міндеттің бірі – ауқымды өнеркәсіп жобаларын жүзеге асыру. Қыркүйектегі Жолдауда Үкімет­ке мұндай жобаларды анықтау және Инфрақұрылымды дамыту жос­парын әзірлеу туралы тапсырма бе­рілді. Бұл жобалар ірі бизнес өкілдері­мен, институционалды инвесторлар­мен және сарапшылармен бірге пысық­талып, нақты жұмыс жасалып жатыр. Тағы бір маңызды міндет – инвестиция тарту. Бұл міндетті орын­дау­ға жекешелендіру және активтер­ді қайтару науқандары да септігін тигізеді. Қомақты инвестиция болса, экономика қарқыны үдейе түседі және жаңа мүмкіндіктер пайда болады. Осы орайда мен жақында Инвестиция штабын құру туралы Жарлыққа қол қойдым. Бұл штабқа еліміздегі инвес­тициялық ахуалды жақсарту және инвестициялық жобаларды сапалы жүзеге асыру үшін ауқымды өкілеттік берілген, деп атап өтті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.

  Екінші бағыттағы жұмыс экономи­ка­ның барлық саласына қатысты «Ойын тәртібін» белгілейтін жүйелі рефор­маларды жүзеге асыру шараларын қамтиды.

 Менің тапсырмаммен Үкімет мемлекет пен бизнестің қарым-қатынасын қайта қарауға мүмкіндік беретін жаңа Салық кодексін әзірлеп жатыр. Салық жүйесін жетілдіргенде тек төлем жинау тәсілімен шектеліп қалмау өте маңызды. Бір жағынан, инвесторларға қолайлы жағдай жасау керек. Екінші жағынан, бюджет кірісінің азайып кетпеуіне мән берген жөн. Яғни таразы басын тең ұстау қажет. Жаңа Бюджет кодексі де – өте маңызды құжаттың бірі. Біз «қазына қаражатына» деген көзқарасымызды өзгертіп, оны тиімді, жөнімен әрі үнемдеп жұмсауға тиіспіз. Бұл ретте мемлекеттік сатып алу ісін және мемлекет пен жеке сектордың серіктестігін реттейтін жаңа заңдар елеулі рөл атқарады. Осы құжаттар мем­лекеттік сатып алу ісінің ашық болуын да қамтамасыз етеді. Сондай-ақ экономиканы дамытуға қажет­ті қаражат қорын қалыптастыруға септігін тигізеді. Үкіметтің жел қайдан соқса да желкенді өзіне оңтайлы бұра алатындай, жан-жақты ойластырған жоспары болуға тиіс. Экономиканың өсімін ынталандыру шаралары мен құрылымдық реформалар қатар жүруі керек. Нақтырақ айтсақ, кәсіпкерлік пен бәсекені дамыту, жекеменшікті қорғау, әділ сот төрелігі болуы өте маңызды. Сонда ғана көздеген мақсаттарымыздың бәріне қол жеткізіп, белгіленген мерзімде ұлттық экономика көлемін екі есе ұлғайта аламыз»,- деп Президент нақты ақпараттар негізінде ойын нақты жеткізді.

Шынында, қазір Үкіметтің алдында өте маңызды тапсырмаларды жүзеге асыруы тиіс міндеттер тұр. Сонымен қатар Үкіметке «Барлық деңгейдегі шенеуніктер мен басшылар қоғамның тамырын тап баса білуге, азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдап-түсінуге, соған сәйкес дер кезінде нәтижелі шаралар қабылдауға және дұрыс шешім шығаруға қабілетті болуы керек. Бұл – ең басты талап. Олар «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» деген қағидатты берік ұстануға тиіс»,- деп баса айтты. Ал енді Қазақстанның әрбір азаматына «Күнделікті атқарылуға тиіс жұмыстар да аз емес. Бұл жылдың ел тарихында қандай орын алатыны барша азаматымыздың ерік-жігеріне де байланысты. Бірақ осы мақсатқа жету үшін біз бір ел болып, білек сыбана жұмыс істеуіміз керек»,-деп үндеу жариялады. Сондықтан Егеменді еліміздің әрбір азаматы «Мемлекет маған не береді» дегеннің орнына «Мен, мемлекетке не бере аламын»,- деген қағидамен Президенттің саясатын қолдап, барынша адал қызмет жасауы тиіс.

Жаңа 2024 жылда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен және жалпы халықтың қолдауымен еліміздің өркендеуі жолында көптеген айтулы бағдарламалар жүзеге асырылып, тиімді іс шаралардың орындалатына сенеміз.

 

Керімбек Ғалымжан Есқараұлы - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  доценті, экономика ғылымдарының кандидаты

 

Подписаться

Комментарии

Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите

Авторизация через

24 комментарии

  • Бергенова Тәттігүл
    Бергенова Тәттігүл
    «Көлеңкелі» экономика дең­гейі­нің артуы алдымен экономиканы құлдыратады. Сондықтан көлеңкелі экономиканы азайту үшін салық жүйесін қатаңдату керек. Елге тартылатын инвестицияны көбейтіп, өнеркәсіпті жоғары деңгейге өсіру керек. ҚР Президенті Қ. К. Тоқаевтың «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» тақырыбындағы сұқбатында айтқан пікірлерге қарағанда бұл жағдайлар қарастырылады деп ойлаймын.
  • Demes Adil
    Demes Adil
    Жалпы мемлекеттің негізгі кіріс көзі салықтан түскер түсімдер болып саналғандықтан салық жүйесін жетілдіру туралы пікірмен толық келісемін! Мемлекеттің салық жүйесін екі тарапқа да ыңғайлы қылып жасау арқылы, елге инвестиция тарту арқылы жаңа кәсіпорындар ашылып, мемлекеттік бюджет көлемі ұлғаюына толық сенімдімін!
  • Карина Аитахова
    Карина Аитахова
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ СҰҚБАТЫНДА БАРЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ АТАП КӨРСЕТКЕН. СОНЫҢ АРАСЫНДА ЭКОНОМИКАНЫҢ ӨРКЕНДЕУІНЕ ҚАТЫСТЫ БІРНЕШЕ МӘСЕЛЕНІ АТАП ӨТТІ. МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДАМУЫ МЕН ГҮЛДЕНУІНЕ ОСЫ АЙТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫП, ӨЗ ҮЛЕСІН ТИГІЗЕДІ ДЕГЕН ҮМІТІМІЗ ЗОР
  • Асем Омирбекова
    Асем Омирбекова
    2024 жылда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен және жалпы халықтың қолдауымен еліміздің өркендеуі жүзеге асырылып, тиімді іс шаралардың орындалуына сенеміз!
  • Дана Молдабекова Мұратбекқызы
    Дана Молдабекова Мұратбекқызы
    Президентіміздің айтылған мәселелері өз шешімін тапса. Еліміздің дамуына жол ашар іс-әрекеттер, яғни инвестиция тарту, өнеркәсіпті дамытуды міндетті түрде қолға алынады деген үміттеміз. Осы мақсатқа жету үшін біз бір ел болып, білек сыбана жұмыс істеуіміз керек деп ойлаймын.
  • Диас Бекжан
    Диас Бекжан
    Президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев бұл сұхбатында өзекті, маңызды мәселелерді қозғаған. Экономика, салық, салық жүйесі, Салық Кодексі, инвестиция тарту секілді маңызды аспектілерді атап өткен. Қабылданған реформалар шегінде осындай маңызды, қажетті салаларды дамытудың маңызы өте зор. Тек қағаз жүзінде қалмай, алдағы уақытта бұл аталған жобалар, іс-әрекеттер толықтай жүзеге асырылып, көрініс табады деген ойдамыз
  • Арай Манабаева
    Арай Манабаева
    Президентіміздің қалдырған сұхбатында өзекті мәселелер қозғалды. Елдің экономикасын өркендету үшін айтылған, қозғалған бағыттарды жүзге асыру керек. Ел экономикасы халықтың тұрмыс-жағдайына тікелей әсер ететінін ұмытпауымыз қажет.
  • Aruzhan Moldashbay
    Aruzhan Moldashbay
    Президентіміздің берген сұхбатында көтерген мәселелер еліміздің болашағы үшін өте маңызды, әрі өзекті болып табылады. Айтылған мақсаттарға жету жолында қажетті бағдарламалар қабылданып, еліміздің өркендеуіне жол ашылады деген ойдамын.
  • Динара
    Динара
    Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе.  Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Елбасымыздың сыннан өткен көшбасшылығының арқасында біздің халқымыздың алда әлі талай асулардан абыроймен асатынына күмән жоқ.
  • УАЛИ АСЕМ
    УАЛИ АСЕМ
    Елбасымыздың жоллауларында айтылған мәселелер, еліміздің өркендеуіне бір қатар себептердің бірі. Экономикамыз дамуы үшін алға қойылған жобалардың барлығын іске асыруымыз керек.”Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек” сұхбатында еліміз өркендеп және гүлденуіне септігін тигізетін жұмыстарды жасауымыз керек.
  • Акерке
    Акерке
    Республикалық бюджет пен Ұлттық қордың келесі үшжылдыққа арналған параметрлерін қалыптастыру кезіндегі негізгі лейтмотив Мемлекет басшысының үнемді және жауапты бюджет саясаты тұжырымдамасын қамтамасыз ету бойынша қойған міндеттерін іске асыру арқылы орындалады. Сондықтан, алға қойған мақсаттар уақытылы, әрі дұрыс орындалуын тілейміз
  • Batyrzhan Kumisbek
    Batyrzhan Kumisbek
    Керемет сұхбат болған екен. Президентіміздің ойымен толықтай келісемін, қолдаймын және кей тұстарына қайран қаламын. Сауаттылығы мен жан-жақтылығына мақтанамын. Уақыт өте еліміз тек қағаз жүзінде емес, іс жүзінде әлемдегі дамыған елдердің алдыңғы қатарында болатынына кәміл сенемін. Сол үшін өз үлесімді қосамын Алла қалап, бас аман болсын!
  • Азат
    Азат
    Мен біреудің мақтауына немесе кінәлауына көңіл аудармаймын! Мен тек өз ішкі сезіміме еремін.Президент мырза керемет сұқбат берген екен,қолдап осы мәселелерді жүзеге асыру керек.
  • Мадина Акмергенова
    Мадина Акмергенова
    Мен Президентіміздің салық жүйесін жетілдіру туралы пікірімен келісемін. Себебі мемелекет салықтық түсімдер арқылы дамиды. Салық жүйесін екі тарапқа да тиімді етіп жетілдіру үлкен оң өзгерістер әкеледі. Болашаққа жоспраланған қадамдардан үлкен жағымды өзгерістерді күтемін!
  • Мерей Жұбаназар
    Мерей Жұбаназар
    Президенттің берген сұхбаты өзекті мәселелер аясын қамтыған. Әсіресе елдің экономикасын дамыту үшін инвестицияны арттыру мәселесі өзекті деп ойлаймын. 2024 жылы президентіміз айтып өткен бастамалар іске асырылады деп сенемін.
  • Жангүл
    Жангүл
    Бұл сұқбатта Президентіміз өзекті мәселелерді атап өткен рас. Еліміздің даму деңгейінің маңызды көрсеткіштерінің бірі экономиканың жағдайыда талқыға түскен. Жалпы Ішкі Өнім макроэкономикалық маңызды көрсеткіш, егер ол 15% артса, ел экономикасының беделі артады деген сөз. Жалпы айтқанда, 2024 жылдан күтеріміз көп.
  • Мерейім
    Мерейім
    Елбасының көтерген осы бір өзекті мәселелері осы уақытқа дейін шешімін таба алмауда. Оның себебін әлі де дұрыс анықтай алмай жатыр. Бірақ осы бір сұхбатында нақты жағдайлар қарастырылып, еліміздің өркендеуіне бірнеше жолдар ашылатын сияқты. Тек қана бар жүкті Ел басына артып қана қоймай, “Жұмыла көтерген жүк жеңіл” демекші, бүкіл қазақ халқы, жұрты болып еліміздің гүлденуіне үлес қоса алуымыз керек!
  • Жасұлан Омар
    Жасұлан Омар
     Үкіметтің алдында өте маңызды тапсырмаларды жүзеге асыруы тиіс міндеттер тұр. Сонымен қатар «Барлық деңгейдегі шенеуніктер мен басшылар қоғамның тамырын тап баса білуге, азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдап-түсінуге, соған сәйкес дер кезінде нәтижелі шаралар қабылдауға және дұрыс шешім шығаруға қабілетті болуы керек. Бұл – ең басты талап. Олар «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» деген қағидатты берік ұстануға тиіс» мемлекет басшысы осыны баса назарда ұстауды талап етеді. 
  • Камшат
    Камшат
    Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының берген сұқбатында жаңа 2024 жылда қоғамды толғандырған өзекті мәселелердің, әсіресе экономика саласындағы болып жатқан проблемалардың шешу жолдарын дұрыс қарастырып кеткен. Осы шаралардың орындалуы нәтижесінде елімізде экономика саласы дамып, халықтың әл-ауқаты жақсарады деген ойдамын.
  • Мөлдір Ерболқызы
    Мөлдір Ерболқызы
    Осындай өзекті мәселелерді талқылау арқылы ғана шешім таба аламыз??
  • Nazerke Abdiraman
    Nazerke Abdiraman
    Президентіміз сұқбатында барлық мәселелерді атап көрсеткен. Яғни, негізгі мәселе Қазақстандағы экономикасы. Қазақстандағы өнеркәсіпті дамыту жағын айтып кетсе, екінші жағы бюджет кірістерінің төмендеуіне қатты мән берген. Сонымен қатар , экономиканың өсімін ынталандыру шаралары мен құрылымдық реформалары әрқашан қатар жүруі керек.
  • Жақанша Венера Абайқызы
    Жақанша Венера Абайқызы
    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» тақырыбындағы сұхбатында өзекті мәселелерді атап айтты. Сондай-ақ экономикамыз туралы да бірнеше мәселені атап өткен екен. Сұхбатта айтылғандай 2024жылдан күтер үмітіміз көп, еліміздің өркендеуі мен гүлденуіне осы айтылған бағдарламалар жүзеге асып елімізге өз септігін тигізсе екен деген үмітіміз бар
  • Тұрсынай
    Тұрсынай
    Елбасымыздың берген сұхбатында көтерген мәселелер, қазіргі таңда еліміздің дамуы үшін ең өзектілері болып отыр. Еліміздің өркендеуіне жол ашар іс-әрекеттер, яғни инвестиция тарту, өнеркәсіпті дамыту 2024 жылы міндетті түрде қолға алынады деп үміттенеміз. Осы мақсатқа жету үшін біз бір ел болып, білек сыбана жұмыс істеуіміз керек.
    • Нұрман Нұрлыбаев
      Нұрман Нұрлыбаев

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ «БІЗ ОЗЫҚ ОЙЛЫ ҰЛТ РЕТІНДЕ ТЕК ҚАНА АЛҒА ҚАРАУЫМЫЗ КЕРЕК» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ СҰХБАТЫНДА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ АТАП АЙТТЫ. СОНДАЙ-АҚ ЭКОНОМИКАМЫЗ ТУРАЛЫ ДА БІРНЕШЕ МӘСЕЛЕНІ АТАП ӨТКЕН ЕКЕН. СҰХБАТТА АЙТЫЛҒАНДАЙ 2024ЖЫЛДАН КҮТЕР ҮМІТІМІЗ КӨП, ЕЛІМІЗДІҢ ӨРКЕНДЕУІ МЕН ГҮЛДЕНУІНЕ ОСЫ АЙТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЕЛІМІЗГЕ ӨЗ СЕПТІГІН ТИГІЗСЕ ЕКЕН ДЕГЕН ҮМІТІМІЗ БАР

  • Галымжан Керимбек
    Галымжан Керимбек
    Президент бұл сұқбатында көптеген мәселені қамтып отыр