WhatsApp

Ганг өзенінде мүрделер қалқып жүр

Ганг өзенінде мүрделер қалқып жүр

 

Ганг  өзенінде  мүрделер  қалқып   жүр

Үндістанның  Ганг  өзенінде өлген адамдардың  мүрдесі  пайда бола бастады. Үндістанның солтүстігіндегі тұрғындар Ганг өзенінің жағалауындағы аудандар мәйіттерге толып кетті деп шағымдануда. Бұл коронавирустан қайтыс болған адамдардың денелері болуы мүмкін,- деп хабарлайды Euronews.  Қазылған  қабірлердің таяз болуы себепті маусымдық су тасқыны салдарынан мәйіттер қасиетті өзеннің бетіне шығып кеткен деген болжам бар. Енді билік Аллахабадта кремация ұйымдастыратын болады. "Біз денелерді эксгумирлемейміз, бірақ су деңгейінің көтерілуіне байланысты пайда болғандарды кремациялаймыз. Денелер шоғырланған аймақ бір шақырымға созылады. Біздің пайымдауымыз бойынша, онда барлығы 500-600 адамның мүрдесі болуы мүмкін.  Рәсімдер кезінде барлық сақтық шаралары қоданылады", - деді жергілікті шенеунік Нираж Кумар Сингх.  Су бетіне қалқып шыққан өлі  денелер-бұл көктемде коронавирустан қайтыс болған адамдар. Үндістердің барлығы бірдей  қайтыс болған туыстарын кремациялай  алмады  және  оларды  өзенге  түсірді   немесе   құмға   көмді.

 Дерек көзі: nur.kz