Енді елдегі сұйытылған мұнай газы жыл сайын жоспарлы түрде қымбаттайды. Бұл туралы Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында мәлім болды.
Ведомство басшысы Алмасадам Сәтқалиевтың айтуынша, отын құны 5-8 теңгеге өспек. Себебі оның шекті көтерме сауда бағасы өндіру құнынан да арзан. Осының әсерінен сала шығынға ұшырап жатыр. Қаржы тапшылығынан өндеу жұмыстары мен жаңғыртуға да қаражат құйылмайды.
Айта кетсек, Қазақстан – сұйытылған газ бағасы ең арзан мемлекеттің бірі. Бізде ол 54-86 теңгенің аралығында саудаланып жатыр. Ал көршіміз Ресейде бір литрі 165 теңге, Қырғызстанда 159, Әзербайжанда 171, ал Тәжікстанда 273 теңге тұрады.
Дереккөз 24.kz.