Денсаулық сақтау министрлігі өңірлер бойынша Call-орталық нөмірлерін жариялады. Медициналық бақылау комитетіне 3,5 мыңнан астам қоңырау түскен. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық бақылау комитетінде халықпен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету және азаматтарға консультациялық көмек көрсету мақсатында Call-орталық жұмыс істейді.
— Биылғы жылдың мамыр айынан бері Комитеттің медициналық және фармацевтикалық қызмет мәселелері бойынша Call-орталығына 3 523 қоңырау түскен. Барлық өтініш білдірген азаматтарға қажетті консультациялық көмек көрсетілді, — делінген хабарламада.
- Республикалық деңгей
+7 701 006 5900 — ҚР ДСМ Медициналық бақылау комитеті
- Аумақтық департаменттер
+7 701 006 5901 — Астана қаласы
+7 701 006 5902 — Алматы қаласы
+7 701 006 5903 — Ақмола облысы
+7 701 006 5905 — Алматы облысы
+7 701 006 5906 — Атырау облысы
+7 701 006 5907 — Батыс Қазақстан облысы
+7 701 006 5908 — Жамбыл облысы
+7 701 006 5909 — Қарағанды облысы
+7 701 006 5910 — Қостанай облысы
+7 701 006 5911 — Қызылорда облысы
+7 701 006 5912 — Маңғыстау облысы
+7 701 006 5913 — Түркістан облысы
+7 701 006 5914 — Павлодар облысы
+7 701 006 5915 — Солтүстік Қазақстан облысы
+7 701 006 5916 — Шығыс Қазақстан облысы
+7 701 006 5917 — Шымкент қаласы
+7 701 006 5918 — Абай облысы
+7 701 006 5919 — Жетісу облысы
+7 701 006 5920 — Ұлытау облысы
Айта кетейік, медициналық қызмет мәселелері бойынша Комитеттің немесе тиісті аумақтық департаменттің Call-орталығына хабарласып, кеңес алуға болады.
Ақпарат kaz.inform.kz сайтынан алынды.