Дубайды су басқандықтан, Қазақстанға баратын рейстер кейінге шегерілді.
"Air Astana" әуекомпаниясының баспасөз қызметі нөсер жаңбыр салдарынан Дубайдағы аэродромды су басып кеткендіктен, 16 сәуірдегі KC206 Дубай-Астана және KC898 Дубай-Алматы рейстері 17 сәуірге ауыстырылғанын ескертті.
Әуекомпания жолаушыларды қонақүйге жеткізу және тамақтандыру үшін барлық шараларды қабылдап жатқанын мәлімдеді.
ҚазАқпарат