Қазақстанның ең қарт тұрғыны 116 жасында дүниеден өтті

Қазақстанның ең қарт тұрғыны 116 жасында дүниеден өтті

фото: https://pixabay.com/

Қаралы хабарды Ұлытау облысының әкімдігі жеткізді.

Түймегүл Темірбаева 1910 жылғы 1 қаңтарда Жамбыл облысының Байқадам ауданында дүниеге келген. 22 жасында Аязбай Темірбаевпен шаңырақ көтеріп, көп ұзамай жұбайымен бірге Жаңаарқа ауданына қоныс аударған. Содан бері осы өңірде 90 жылдан астам уақыт ғұмыр кешті.

Ерлі-зайыпты төрт бала тәрбиелеп өсірді. Түймегүл апа 15 немере, 25 шөбере сүйіп, үлкен әулеттің ардақты анасына айналды. Жұбайы да ұзақ ғұмыр кешіп, 96 жасында өмірден өткен.

Ол бала күнінен еңбекке етене араласып өскен. Ата-анасы жылқы өсіргендіктен, кішкентайынан үй шаруасына көмектесіп, бие сауып, қымыз ашытқан, жылқы күтіміне араласқан. Есейген шағында да жұбайымен бірге шаруашылықтың бар ауыртпалығын бөлісіп, құдықтан суды өзі тасып, қара жұмыстан қашпаған.

Ұлытау облысының әкімдігі Түймегүл Темірбаеваның дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

– Ғасырдан астам ғұмыр кешіп, тұтас бір дәуірдің куәсі болған Қазақстанның ең қарт тұрғыны Түймегүл Темірбаеваның дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстарына, жақындары мен барша отбасы мүшелеріне қайғыра көңіл айтамыз.

 Ұзақ әрі өнегелі ғұмырында Түймегүл апа 15 немере мен 25 шөбере сүйіп, бірнеше ұрпақтың өсіп-жетілуіне куә болды. Ол өз әулетінің ақылшысы, тірегі әрі берекесі еді. Түймегүл апа тек отбасының амандығын ойлап қана қоймай, ел өміріне де бейжай қарамаған жан болатын. Мемлекет үшін маңызды оқиғалардан тыс қалмай, қоғамдағы өзгерістерді жіті қадағалап, ел болашағына әрдайым алаңдап отырды.

Ғасырдан астам ғұмыр кешкен ананың өнегелі өмір жолы мен жарқын бейнесі ұрпақтарының жадында ғана емес, еліміздің тарихында да сақталатынына сенімдіміз, – делінген көңіл айтуда.

Дерек көзі: https://inbusiness.kz

Подписывайтесь на наши соцсети и будьте в курсе всех событий!

Читайте также

Подписаться
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите