Вагон үстіне шыққан жасөспірімді тоқ соққан

Вагон үстіне шыққан жасөспірімді тоқ соққан

фото: https://pixabay.com/

Жасөспірімнің денесінің шамамен 70 пайызын күйік шалған

Ақмола облысының Шортанды кентінде теміржол вагонының үстіне шыққан 15 жастағы жасөспірімді жоғары кернеулі электр тогы соққан.

Денесінің шамамен 70 пайызын күйік шалған жасөспірім ауыр жағдайда аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.

"Қазіргі уақытта науқастың жағдайы ауыр. Әзірге оны басқа медициналық мекемеге тасымалдау мүмкін емес. Балалар реаниматологымен кеңес жүргізіліп, дәрігерлер консилиумының шешімі бойынша жасөспірімнің жағдайы тұрақтанғанға дейін аудандық ауруханада бақылауда қалдыру туралы шешім қабылданды", – деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.

Оқиғаға байланысты Көліктегі полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.

Айта кетері, теміржол вагондарының үстіне шығу адам өміріне аса қауіпті. Жоғары кернеулі электр сымдарына тікелей қол тигізбегеннің өзінде, электр доғасы арқылы ток соғуы мүмкін.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Подписывайтесь на наши соцсети и будьте в курсе всех событий!

Читайте также

Подписаться
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите