Таза Қазақстан: оқушылар қалдықтардан портреттер мен кеңсе заттарын жасады

Таза Қазақстан: оқушылар қалдықтардан портреттер мен кеңсе заттарын жасады

фото: Almaty.tv

       Іс-шараның мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Алматыда  «Қалдықтан құндылыққа» атты экологиялық форум өтті. «Таза Қазақстан»' жалпыұлттық акциясы аясында № 174 мектеп-гимназиясында ұйымдастырылған іс-шарада бөтелке қақпақтарынан белгілі тұлғалардың портреттері жасалып, қайта өңделген қағаздан кеңсе заттары көрме ретінде ұсынылды. 

       Сонымен қатар оқушылар табиғи өсімдіктерден дайындалған эко сабындарды таныстырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін арттыру.

«Семинардың мақсаты – балалардың бойына эко мәдениетті қалыптастыру, «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының аясында экологиялық тәрбие беру», – деді Наурызбай аудандық білім бөлімінің басшысы Салтанат Құсайынова.

       https://almaty.tv/kz/

Подписывайтесь на наши соцсети и будьте в курсе всех событий!

Читайте также

Подписаться
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите