Қайрат Нұртастың концертінде зардап шеккен 18 жастағы қыздың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр
Шымкентте 10 қазанда Қажымұқан Мұнайтпасов атындағы стадионда өткен концерт барысында 8 адам медициналық көмекке жүгінді, дейді Денсаулық сақтау басқармасы.
Көмекке жүгінген 8 адамның 7-еуі тексеруден кейін үйіне жіберілген.
"Зардап шеккен 18 жастағы қыздың жағдайы тұрақты, бірақ ауыр деп бағаланып отыр. Оған қажетті медициналық көмек көрсетіледі, ол мамандардың бақылауында", - дейді басқарма.
Қалалық полиция концерт кезінде қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Іс-шараны ұйымдастырушылар полицияға жеткізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Дерек көзі: https://sputnik.kz