Шымкентте ер адам жасөспірімдерден интимдік фото сұраған

Шымкентте ер адам жасөспірімдерден интимдік фото сұраған

фото: https://pixabay.com/

Ер адам қызбен онлайн ойын арқылы танысып, оның телефон нөмірін сұрап алып, WhatsApp-та хат алмасқан

Ер адам интернет-мессенджерлер арқылы 10 жастан 12 жасқа дейінгі балалармен танысып, өзін 14 жастағы жасөспірім ретінде таныстырған. Олардың сеніміне кіріп, интернетте сөйлесуді жалғастырған.

"Сондай жағдайлардың бірінде ер адам қызбен онлайн ойын арқылы танысып, оның телефон нөмірін сұрап алып, WhatsApp-та хат алмасқан. Түрлі сылтаулармен сөйлесу барысында ол жасөспірімнен интимдік сипаттағы суреттер мен бейнежазбаларды жіберуді сұраған", - дейді полицияда.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қала тұрғыны ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите