Қазақстандықтар Республика күніне орай үш күн демалады

Қазақстандықтар Республика күніне орай үш күн демалады

фото: ЖИ/24.kz

2026 жылдың қазан айында қазақстандықтар Республика күніне орай қатарынан үш күн демалады. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы 24KZ сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақстанда Республика күні 25 қазанда атап өтіледі. Биыл мереке жексенбіге сәйкес келетіндіктен, демалыс күні 26 қазанға, дүйсенбіге ауыстырылады. Осылайша, бес күндік жұмыс аптасында қазан айында 21 жұмыс күні және 10 демалыс күні болады. 

Ал алты күндік жұмыс аптасында 26 жұмыс күні мен 5 демалыс күні қарастырылған.

 Республика күні – Қазақстанның ұлттық мерекесі. 

1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Мемлекеттік егемендік туралы декларацияны қабылдады. Құжатта республиканың мемлекеттік егемендігінің негіздері айқындалып, ішкі және сыртқы саясат мәселелерін дербес шешу құқығы бекітілді.
 

Подписывайтесь на наши соцсети и будьте в курсе всех событий!

Читайте также

Подписаться
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите