Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы төмендеді

Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы төмендеді

фото: www.instagram.com

       Қазақстанда 1,2 млрд-қа жуық дәрі-дәрмек қаптамасы таңбаланып, оның жартысы сатылған. Таңбалау жүйесі дәрілік заттардың айналымын бақылауға және дәріханалардағы баға өзгерістерін қадағалауға мүмкіндік береді.

       Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов мәлімдеді.

       Оның айтуынша, таңбалау жүйесі отандық және импорттық дәрілік заттардың өндіріс көлемін қадағалауға, сондай-ақ олардың сатылымына талдау жүргізуге мүмкіндік береді.

       Қазіргі уақытта Қазақстанда күн сайын 750 мыңнан 960 мыңға дейін дәрі-дәрмек қаптамасы сатылады. Дәріханалардағы сатылымның ең төменгі көрсеткіші жексенбі күндері тіркеледі.

– Жүйе препараттардың өңірлердегі қалдықтарын бақылауға мүмкіндік береді: қай дәріханада, қай өңірде, қай елді мекенде тапшылық немесе артық қор бар екенін анықтауға болады. Платформаның өзі ауытқуларды анықтап, талаптардың бұзылу жағдайларын көрсетуге мүмкіндік береді, – деді Әсет Нүсіпов.

       Министрлік дәрі-дәрмектердің бағасын бақылау үшін де аталған жүйені пайдаланып отыр.

– Мысалы, 2025 жылғы мамырда еліміздегі дәріханаларда «Ибупрофен» дәрілік затының орташа бағасы 1460 теңге болса, биыл қазан айында ол ең төменгі деңгейге – 941 теңгеге дейін түсті, – деді вице-министр.

       Осылайша, аталған препараттың орташа бағасы 519 теңгеге немесе шамамен 35,5%-ға төмендеген.

       Таңбалау жүйесі дәрі-дәрмектердің айналымын ашық бақылауға, өңірлердегі қор көлемін анықтауға және баға өзгерістерін қадағалауға мүмкіндік береді.

       https://kaz.inform.kz/



 

Подписывайтесь на наши соцсети и будьте в курсе всех событий!

Читайте также

Подписаться
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите