Қазақстан шетел туристері үшін тартымды ел ме

Қазақстан шетел туристері үшін тартымды ел ме

фото: pixabay.com

Қазақстанға келген турист ең алдымен нені байқайды?

 

Тарихи орындар мен табиғи көрікті жерлерді ме әлде көрсетілетін қызметтің сапасын ба? Туризм – тек көрікті жерлер мен әсем локациялардан тұрмайды. Әр сапардың артында қонақты қарсы алып, демалысын ұйымдастыратын және ел туралы әсерін қалыптастыратын кәсіби мамандар бар.

 

Бүгінде Қазақстанның туристік саласы қарқынды дамып келеді. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасвап хабарлайды.  2026 жылдың бірінші жартыжылдығында елге шамамен 7 миллион турист келді. Туристік ағынның өсуімен бірге білікті кадрларға деген сұраныс та артып отыр.

Салаға қажетті мамандарды даярлау ісіне Туризм және спорт министрлігі ерекше мән беретінін атап өтті. Осы бағыттағы негізгі білім беру орталықтарының бірі – Халықаралық туризм және меймандостық университеті. Бұл – Қазақстандағы туризм саласына маманданған алғашқы жоғары оқу орны.

Қазіргі таңда университетте 3 мыңнан астам студент білім алады. Оқу 14 білім беру бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Оның ішінде 8 бакалавриат және 4 магистратура бағдарламасы бар. Олардың қатарында Моңғолия, Өзбекстан және Ресейден келген студенттер де бар.

Студенттер туризм, қонақүй және мейрамхана ісі, экскурсиялық қызмет, спорттық туризм, іс-шаралар менеджменті және басқа да бағыттар бойынша білім алады.

Айта кетейік, Астанаға келетін туристер саны қаланың әлеуетіне әлі сай емес. Елорда жылына 4–6 млн турист қабылдай алады. Бұл туралы «Future of Mobility» ЖШС-нің даму жөніндегі директоры Ұлыбек Қиманов мәлімдеді. 

Халықаралық Lonely Planet туристік басылымы Астананы Best in Travel 2027 жыл сайынғы үздік бағыттар мен туристік әсерлер топтамасына енгізді. 

Қазақстан қонақүйлері тұңғыш рет MICHELIN Key белгісіне ие болды. 

Қазақстан шетелдік туристер үшін тартымды бағытқа айналдыру жолындағы қадамын күшейтті. Air Astana, Kazakh Tourism және бес өңір күш біріктіріп, халықаралық нарықта Қазақстанның туристік әлеуетін танытуға кірісті. 

 

Материал kaz.inform.kz сайтынан алынды. 

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите